Жақшаларды ашу, ұқсас қосылғыштар
Жақшаларды ашу, ұқсас қосылғыштар
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу; 6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу; |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: жақшаны ашу ережелерін білу;коэффициент ұғымымен танысу, мағынасын білу, ұқсас мүшелерді ажырата білу. Көптеген оқушылар: Алгебралық өрнектерді өз бетінше жазу; жанама түрде тұжырымдалған есептерді талдау және шығару . Кейбір оқушылар: Ұқсас мүшелер туралы өз беттерінше есеп құрастырып, өмірмен байланыстыра алады. |
| Тілдік мақсаттар: | Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Өрнектердегі амалдар тәртібі, жақшаны ашу, коэффициент, ұқсас қосылғыштар |
| Күтілетін нәтиже: | Жақшаны ашу ережелерін біледі, ұқсас мүшелерді таба алады |
| Бағалау критерийлері: | - жақшаны ашу ережелерін біледі, таңбалар ережесін пайдаланады; - коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын біледі және өрнектерді ықшамдайды; - амалдардың орындалу ретін біледі, есептейді, мәнін табады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушыларды бәсекелестікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Bilimland білім ресрусы көзін пайдалану, видеотүсіндірулер, тесттер, тапсырмаларын орындау |
| Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, информатика |
| Бастапқы білім: | Әріпті өрнек, санды өрнек, амалдарды орындау тәртібі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (8 минут) |
1. Ұжымдық шешім. «Өз тобыңды тап» ойыны Топтарға әртүрлі сандар және жемістер, фигуралар салынған парақшалар ұсынылады, оқушылар өз тобын табады. • Ұқсас мүшелерді оқиды, зерттейді • тағы қандай амалдар құрастыруға болатынын ойластырады, дәлелдейді; Топтар өздерінің таңдауын түсіндіреді. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не істейміз? -Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Топ ережесі. Топ басшысын сайлау Оқушылармен бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсатын анықтап сабақ барысында жетуге тырысу. Үй тапсырмасын тексеру: №661 есеп, есепке критерий қоя отырып, дескриптор бойынша бағалау.Әр дұрыс жауапқа бір баллдан есептейді. Барлығы 9 балл. |
|
|
Сабақтың ортасы (27) |
Ой қозғау. “Лото “ ойыны Коэффициент дегеніміз не? Кестеден коэффициенттері 3-ке еселік әріптерді қосып оқып, сөз құрау. Қандай сөз шықты? «Jaqshany ashy`». Оқушылар сандарды ретімен айтады, 3-ке еселік сан және әріп сәйкес келген оқушыға 1 балл беріледі. Жұлдызшалар беріледі. bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/zhaqshalardy-ashu-ortaq-kobejtkishti-zhaqsha-syrtyna-shyharu Жеке жұмыс: Bilimland.kz сайты арқылы тақырыпты қайталау, тест сұрақтарына жауап береді. Өз білімдерін тексереді. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан №662 есепті жұп болып шығарады. Топ басшы есепке критерий айтып, дескриптор бойынша бағалайды. Критерий: Жақшаны ашады, өрнектерді ықшамдауды орындайды. Дескриптор: - Жақшаны ашу ережесіне біледі: - Рационал сандарға амалдар қолдана алады. Бірін бірі бағалау бас бармақ арқылы Алгебралық өрнектердің геометриялық мағынасын түсіндіру мақсатында төмендегі видеотүсіндіруді көрсетемін: https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/zhaqshalardy-ashu-ortaq-kobejtkishti-zhaqsha-syrtyna-shyharu?mid=ed3ada21-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Сергіту сәті: Топты қайта құру, яғни берілген кеспеқағаздардағы өрнектердің коэффициенттері бойынша топтар құрамын қайта өзгертеді. Топпен жұмыс. Есептің шартына сәйкес рөлдік ойын құрастырады, есепті шығарады, түсіндіреді. 1- топ. №664 есепті шығарады 2- топ. №665 есепті шығарады 3- топ.№666 есепті шығарады Критерий: Есептің шығару өрнегін құрастырады, мәнін табады. Дескриптор: - Алгебралық өрнек құрастырады; - Әріпті өрнектің мәнін табады. -рөлдік ойын құрастыра біледі; - актерлік шеберліктерін бағалау. Жұмыстарын тексеру ,кері байланыс беру Жарайсын!!Өте жақсы ! Керемет! «Шапалақ» арқылы бағалау Сынып дарабозын анықтау:«1минуттық эстафета» деп аталады. Төмендегі сөздердің ішінен сандарды тауып, алгебралық өрнек құрастырады: Тон, алтын, тоғызқұмалақ, кекіл, жүзім, алтыбақан, қонақ, үшкір, бірқазан, жетістік, сегізкөз, Алтынбек, бірлік. Белгіленген уақыт аралығында қанша тура теңдік құра алатынын анықтау. Бірін –бірі бағдаршам арқылы бағалайды |
сурет 1 https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/zhaqshalardy-ashu-ortaq-kobejtkishti-zhaqsha-syrtyna-shyharu?mid=ed3ada21-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe |
|
Сабақтың соңы (2минут) |
Үй тапсырмасы. Үш деңгейде беру 1-деңгей- 183 бет №663 2-деңгей -184бет №171 3-деңгей –Көбейтудің үлестірімділік қасиетін зерттеу, дәлелдеу жұмыстарын жүргізу. |
|
|
Рефлексия (3 минут) |
Кері байланыс . Еркін микрофон Әр топ бугінгі сабақ туралы өз ойларын ортаға салу |
Пікірлер(0)