Отзывы

Лаззат Усенова
Білім ленд сайт өте ыңғайлы қазіргі жаңашыл заманауй уақытта. Мен қазақ тілі сабақтарда өте көптеген ресурстарды осы сайттан алып отырамын. Оқушылармен ата-аналар үшін де пайдалы. Қазақ тіліне байланысты жаттығу лар мен тест тапсырмалар оқушыларға пайдасы тиеры сөзсіз.
Добавлен: 19.12.2018
Сауле Нурманова
BilimLand- цифрлы білім беру платформасы ұстаздарға да оқушыларға да өте тиімді жасалынған.Бұл платформадағы Imektep ,Itest, TwigBilim порталдары арқылы әр сабаққа дайын тапсырмалар мен видеотоптамаларды қолданып жүрміз.9,11 сынып оқушылары үшін Itest- пен жұмыс жасау арқылы қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға болады.Зертханалық жұмыстар, инклюзивті білім беру,кәсіби бағдар беру жұмыстарын да осы жерден тауып қолданудамыз.Ұстаздар мен оқушыларға осындай мүмкіндіктер жасап отырған сіздерге үлкен рахмет!
Добавлен: 15.12.2018
Сауле Рахимбердинова
Математика пәнінен Bilimland.kz сайтын күнделікті қолдануға тырысамын, себебі тақырыпқа сәйкес жаңаша ақпараттар мен тапсырмалар жақсы іріктелініп жинақталған. Мұндағы видеосабақтар оқушының өздігінен ізденіп білім алуына үлкен мүмкіндік береді. Жаңа тақырыптағы тірек сөздер үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) берілген, бұл оқушының ақпаратты іздестірудегі аймағын барынша кеңейтеді. Әр тақырып соңындағы тестік тапсырмалар, мұғалім үшін тақырыпты бекітіп, оқу мақсатының орындалу мөлшерін анықтайтын бірден-бір құрал болып табылады. Bilimland ұжымына алғысымды айта отырып, еңбектеріне табыс тілеймін және жұмыстарының одан ары жандана түсетіндігіне сенемін. Сіздерге үлкен рақмет.
Добавлен: 11.12.2018
АРДАК КОЙЛЫБАЕВА
BilimLand сайтын өз сабағымда күнделіктті қолданамын. Өте тиімді, көптеген қажетті материалдар алуга болады. Алда жаңа бағдарлама бойнынша толықтырулар жасалса деп ойлймын.
Добавлен: 11.12.2018
Айгүл Сағынбайқызы Ақтаева
Bilim land сайты қазіргі таңдағы білім бағрламасы үшін өте қажетті құралдардың бірі болып табылады. Мұндағы жаңартылған мазмұндағы математика пәні бойынша берілген видеолар мен тапсырмаларды күнделікті сабақта жүйелі қолданамын. Берілген жаттығулар оқушыларға түсінікті, орындауға жеңіл, уақытты үнемді пайдалануға арналып жасалған. iMektep материалдарын қазақ тілі пәнінде үнемі пайдаланамын. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Осы ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін.
Добавлен: 26.11.2018
Джанна Мамашбаева
Информатика пәнінен сабақ беру кезінде видеосабақтарды және тапсырмаларды жиі пайдаланамын. Нәтижесінде уақытты үнемдеймін. Сонымен қатар, оқушыларға өздігінен сабаққа дайындалуға мүмкіндік мол. 5, 7-сыныптарға ағылшын тілінде Computer science бөлімін пайдаланамын. Ағылшын тілін енді үйреніп жүргендіктен, сабақ кезінде қолданатын видеосабақтар және терминдер оқушыларға да, өзіме де есте сақтап қайталауға көмегін тигізіп жатыр. Bilimland ұжымының жұмыстарына табыс тілеп, ары қарай жұмыстарыңыздың жандана түсуіне тілектеспін!
Добавлен: 02.11.2018
Рустем Юсупов
Сайт мұғалім үшін, оқушы үшін де өте қажет. Бұрын көбінесе Ресейдің сайттарынан қажет дүниелерді қарап, сабақтарда пайдалану үшін аудармасын жасап жүретін едік. Енді өз тілімізде сабақты қызықты өткізуге қажетті дүниенің барлығы бар. Бұл сайттың мұғалім үшін көмегі өте көп деп ойлаймын, әсіресе уақыт үнемдеу. Сайтты жасаған шығармашыл топ жастарға алғысым шексіз, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Добавлен: 30.10.2018
Екатерина Мейрамбековна Ахметова
Огромное спасибо за такой чудесный сайт! Столько полезной, интересной и неожиданной информации.Очень понравились аудио материалы. С радостью буду рекомендовать этот сайт родителям. Предложение : мне бы как учителю пения хотелось бы раздел по классическому, эстрадному и этническому вокал с аудио и видео материалами.
Добавлен: 27.10.2018
Мөлдір Кеулімжай
Мен тарих сабағында Bilimland сайтын өте жиі қолданамын. бұл сайт сабақтарымды тиімді әрі нәтижелі өткізуге көп көмегін тигізеді. Дүние жүзі тарихы пәні бойынша көптеген бейнероликтер және қызықты тапсырмалар бар. сонымен қатар екі тарихтан да 5-9 сыныптар арасында сабақ соңында сайттың Itest бөлімін өте жиі қолданамын. бұл оқушының өздігінен білімін тексеруге және өзлігінен дайындалуына үлкен мүмкіндік береді. Сайт ұжымына үлкен табыстар тілеймін жұмыстарыңыз жемісті болсын.
Добавлен: 27.10.2018
Роза Мамырова
Білімленд сайты мұғалім үшін таптырмас көмекші құрал. Сабақ барысында көрнекіліктермен сабақ барысында балаларды қызықтыра алдым
Добавлен: 25.10.2018