Қазақ тілі мен әдебиеті

О курсе

Бұл курста өзің үшін көптеген ақыл-кеңес аласың, ел сыйлайтын азамат болу үшін қандай қасиеттер қажет екенін білесің. Қоршаған ортаны жан-жақты танитын боласың.

Айналаңда болып жатқан табиғи құбылыстар туралы біліп, қазақ тілінде қызық мәліметтермен бөлісуге дайын боласың. Тарихта болған оқиғалардың бүгінгі еліміздің тағдырына қандай әсері болғанын түсінесің. Қазақ шаруашылығындағы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, халық жинаған тәжірибені бойыңа сіңіресің. Қазақ елінің ежелгі мәдениеті, әсіресе төл мерекесі Наурыз туралы мәліметтер алып, біліміңді тереңдетесің.

Еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болу үшін кемінде үш тілде сөйлей білу қоғам алдындағы парыз екенін санаңа түйесің. Тіл бүкіл әлемді тануға жол ашатын құрал екеніне көз жеткізесің. Бүгінгі таңда өміріміздің ғаламтормен тікелей байланысты екенін талқылайсың, оны меңгеру болашақта жақсы маман болуға жол ашады. Әрине, аталған талаптарды іске асыру үшін уақытыңды қазіргі кезден бастап жоспарлай білуің керек. Сондықтан ең маңызды тақырыптардың бірі уақытты пайдалы да мазмұнды өткізу туралы болады. Уақытыңды дұрыс жоспарлау – болашақта үлкен мақсаттарыңа қол жеткізу екенін түсініп, өз ойыңды тұжырымдауды үйренесің. Барлық қызықты және маңызды тақырып бойынша сөздік қорыңды байытасың, грамматикалық дағдыларға ие боласың, қоммуникативтік құзыреттілігіңді қалыптастырып, дамытасың.

Поделиться в социальных сетях:

Содержание

Отзывы(0)

Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып
0
Отзывы
Методические рекомендации для учителя
Поделиться в социальных сетях: