Симулятор жасап көр!

Байқау тәртібі мен ережелері

Мақсатыжаратылыстану бағытындағы пәндерге қызығушылығы жоғары оқушылар қатарын көбейту.

Өткізу мерзімі
Өтініштер мен жұмыстар 2017 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында қабылданады (сайтта қашықтықтан). Байқауға қатысу үшін қатысушы алдымен сауалнама толтырады және жұмысын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Word форматында жібереді. Байқауға қатысуға мектеп, лицей, гимназия және колледж (орта және арнаулы білім беру мекемелерінің) оқушылары мен студенттері шақырылады!

Байқау шарттары

  • Bilimland.kz. сайтына тіркелу.
  • VK және Facebook желілеріндегі Bilimland парақшасына жазылу.
  • Виртуалды зертхана электронды жаттықтырғыштары мен симуляторларының топтамасымен танысу.
  • Симуляторыңыздың (оның жұмыс істеу қағидаттары мен қызметінің толық сипаттамасы) сценарийін жазу.
  • Байқауға қатысуға өтінім беру: сайттағы сауалнаманы толтыру, қатысушының фотосуреті мен оқу орнынан алынған анықтаманы жүктеу, жұмысты (Word форматында) және қажет болса қосымша материал тіркеу (скриншот, сурет).
  • Bilimland.kz сайтындағы және әлеуметтік желілердегі жаңалықтардан хабардар болу.
  • Bilim Media Group компаниясының байқауға жолданған жұмыстарды bilimland.kz сайтында немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялауға құқы бар.

Байқауға қатысу ТЕГІН!

Байқау жұмысына қойылатын талаптар

  1. Симулятор атауын (тақырыбын) ойлап тап.
  2. Симуляторыңның идеясын түсіндір. Мәселен, берілген көбейткіш бойынша көбейтінді санды табу немесе формула бойынша ауырлық күшін анықтау.
  3. Симуляторыңда қандай құбылыс, ереже немесе заңдылық сипатталатынын көрсет. Мәселен, Архимед күші немесе Пифагор теоремасы.
  4. Симуляторда қандай мәліметтер берілгенін көрсет: белгіленген немесе белгіленбеген.
  5. Симуляторды құрайтын элементтерді сипатта: физикалық дене, өлшеуіш құралдар, кестелер, графиктер, фигуралар, иллюстрациялар және анимациялар (cимулятор элементтерінің суреттерін сценариймен бірге жіберуге болады).
  6. Симулятор жұмысына сипаттама бер: нені бақылауға болады, деректерді өзгерткенде не шығады, қандай көрсеткіштерді өлшеуге болады, қандай нәтиже көруге болады.

Ескерту: симуляторыңды мейлінше нақты әрі толық сипаттасаң, оны біздің сайтта жариялауға (жасауға) болады!

Жүлде: бірінші орынға жеңімпаз дипломы және электроника дүкеніне сертификат (100 000 теңге) + Bilimland.kz сайтында симуляторыңды жасап шығу мүмкіндігі (web-әзірлеушілермен бірлесіп немесе өз бетіңше қашықтықтан).

4 үздік жұмысқа сайт ресурстарына 1 жылға жазылым және сертификат.

Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

Мақалалар