Виртуалды зертхана

Курс туралы

Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі. Виртуалды зертхана симуляторлары – күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде оңтайлы көмекші.

Виртуалды зертхананың артықшылықтары

Инновациялық симуляторлар мен жаттықтырғыштар кешені – бұл тиімді білім беруге арналған таптырмас шешім. Бағдарламаның артықшылықтары:

  • виртуалды зертхана оқушыларды ынталандырады және олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді;
  • күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілде түсіндіріледі;
  • кешен оқушыға өз бетінше, сондай-ақ мұғаліммен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.

Симмуляторлар әдіскер-мұғалімдер үшін қызықты курстар ашуға шексіз мүмкіндіктер береді.

Неліктен BilimLand-тің виртуалды зертханасын таңдаған дұрыс?

BilimLand симуляторларының есептеулері нақты. Виртуалды зертхана ақпараттық және танымдық сабақтар өткізуде көмекші және визуалды ойлауды дамытатын қосымша құрал бола алады.

Бұл топтама – америкалық ғалымдар мен инженерлердің еңбектерінің жемісі. Біз ғылыми заңдылықтарды қарапайым және түсінікті етіп беру арқылы мектеп оқушысының ғылыми-зерттеушілік бейімдерін дамытамыз. Бізбен бірге әлемді тану – қызықты!

Ең көп қаралатын сабақтар

Бөлімдер

Пікірлер