Екінші турдың конкурстық жұмыстарын қабылдауды бастаймыз!

Екінші турдың конкурстық жұмыстарын қабылдауды бастаймыз!

Бірінші турдың қорытындысы бойынша 790 педагог екінші турға өтті!

Екінші кезеңге өткен қатысушылардың тізімі

  1. Екінші кезеңге өткен қатысушылар:
  2. байқау жұмысын видеоға түсіріп, оны өзінің Youtube арнасында жариялауы керек;

осы видеоның сілтемесін bilimustaz.kz сайтына тіркеуі қажет.

1 және 2кезеңнің жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, бірінші кезеңде таңдалған номинацияны өзгертуге болмайды. Бірінші кезеңде жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезең үшін де өзекті болып қала береді.

Екінші кезең жұмыстарын қабылдау 2023 жылғы 11 мамырға дейін жалғасады.

Екінші кезеңнің қатысушыларына арналған ұсыныстар.

2-кезеңнің видео жұмысы материалдың мазмұнына қарай, сонымен қатар, техникалық сипаттамалары бойынша да бағаланады:

  • жұмыстың құрылымы (өз жұмысыңызда нақты құрылымды сақтауға тырысыңыз: өзіңізді қысқаша таныстырыңыз, қолданылған цифрлық технологиялар туралы айтып беріңіз, содан кейін сабақтың үзіндісін көрсетіңіз. Ережеге назар аударыңыз (конкурс өткізу туралы ережені мұқият оқыңыз);
  • түсірілімнің сапасы (түсірілім кезінде камерадағы бейненің анық болғаны дұрыс);
  • дыбыс сапасы (дыбыс жазу құрылғыңыз дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз; сапаны жақсарту үшін дыбысты жеке жазып, видеоны монтаждау ұсынылады);
  • оқушылардың жұмысының нәтижелілігін көрсету (оқушылар АКТ көмегімен сабақта қалай жұмыс істейтінін көрсету өте маңызды).

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілей отырып, ерекше жұмыстарыңызды күтеміз!

Екінші кезеңге қатысу

Ұқсас мақалалар

«Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы - Bilimland.kz «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы
15.06.2023
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы - Bilimland.kz «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы
14.06.2023
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы - Bilimland.kz «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы
13.06.2023