Қорытынды аттестаттауға дайындаудағы педагогтің жаңашыл шешімдері

Қорытынды аттестаттауға дайындаудағы педагогтің жаңашыл шешімдері

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану оқулық шекарасын кеңейтуге және оқушылардың сыни ойлау, қиялын және коммуникативті дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты білім беру жүйесінің сапалы дамуы үшін инновациялық технологияларды насихаттау ғана емес, оқушылардың басты құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектесу үшін әртүрлі әдістемелер мен оқыту құралдарын, соның ішінде АКТ-ны сауатты қолдана алатын мұғалімдерді қолдау және мадақтау керек.

Цифрлық білім беру платформаларын дамытумен айналысатын BilimLand компаниясы жыл сайын педагогтерге арналған «Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауын өткізіп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – мұғалімнің тәжірибесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгісін қалыптастыру, білім беру саласында АКТ-ны дамытуда педагогтердің үлесін таныту және мадақтау.

Байқау 5 жыл қатарынан екі кезеңмен өтіп, оқу жылының соңында қорытындысы шығарылып келді. Алайда биыл карантинге байланысты ұйымдастырушылар өтінімдерді қабылдау мен қорытындысын шығаруды күнтізбелік жылдың соңына қалдырды. Сол себепті байқауға қатысушылар 2020 жылғы көктемде және күзде дайындаған жұмыстарын, сабақтың видеоүзінділерін жолдады.

2019-2020 оқу жылының көктемінде түсірілген сабақ «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша ең үздік жұмыстың бірі болып танылды. Бұл жұмыстың авторы – Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Н.К. Крупский атындағы №14 мектеп-лицейі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Кунарова Жанна Құспанғалиқызы – «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша жеңімпаз және 500 000 теңге ақшалай сыйлық иегері атанды.

Айта кету керек, бұл жұмыс байқау критерийлеріне толық сәйкес келді: ұстаздың әдістемелік құзыреттілігі, идеяның бірегейлігі, BilimLand білім беру ресурстарын пайдаланудың өзектілігі мен нәтижелілігі. Тәуелсіз сараптама комиссиясы, әсіресе, Жанна Құспанғалиқызы сабақты сауатты ұйымдастырғанын атап өтіп, жеңімпаз болуға лайық деп шешім қабылдады.

Қазылар алқасының пікірінше, Жанна Құспанғалиқызының жұмысы жақсы ойластырылған, сабақтың құрылымы сақталған, дыбысы анық, видео сапасы өте жоғары.

Сабақ 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға, дәлірек айтсақ, орыс тілі пәні бойынша емтихан аясында эссе жазуға дайындауға арналған. Ол үшін ITest – қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін түсініктеме және тақырыптарға шолу жасайтын конспектілер мен лекциялар топтамасы бар, қорытынды емтихандарға дайындалуға арналған виртуалды кешінін қолданған. Педагог таңдап алған оқыту құралдары мен әдістері, әртүрлі форматтағы тапсырмалар материалды тиімді меңгеруге ықпал еткенін көрсете алды. Әділқазы алқалары Жанна Куспангалиевнаның оқушылары сабақ барысында ынталы және белсенді болғанын атап өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін онлайн режимде өтеді. «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауының 4 аталым бойынша жеңімпаздары Диплом мен ақшалай жүлдесін алады. Байқау шартына сай келетін видео жолдаған сайыскерлерге электронды Алғыс хаттар беріледі. Online Mektep платформасына тіркелген сайыскерлерге Алғыс хат автоматты түрде жеке кабинетте қолжетімді болады, ал қалған сайыскерлер анкетада көрсетілген электронды поштасы арқылы алады.

КУНАРОВА ЖАННА КУСПАНГАЛИЕВНА
Конкурс2
Облыс, қала: Қызылорда облысы, Арал қаласы
Мектеп:« Н.К. Крупская атындағы №14 мектеп-лицейі» КММ
Пән: орыс тілі
 
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Аргументация как элемент структуры эссе
Жұмыс тілі: Орыс
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге

Ұқсас мақалалар

Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан - Bilimland.kz Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан
28.01.2021
«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды! - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды!
21.01.2021
Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ» - Bilimland.kz Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ»
15.01.2021