Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан

Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан

2020 жылғы желтоқсанда педагогтерге арналған «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауы қорытындыланды. Түрлі аталым арасынан ерекшеленгені «Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы болды. Жаңа аталым бойынша мектепке дейінгі топтар мен мектепалды даярлық сыныптарында қызмет ететін педагогтер мен мамандар бақ сынады. Бағыты жаңа болғанымен, байқауға жолданған жұмыстар мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудегі технологиялық әдіс-тәсілдерді түгел қамтыған. Шеберлік сынасқан педагогтер кәсіби дайындық деңгейінің жоғары екенін, BilimLand компаниясының ресурстарын, оның ішінде қашықтан мектепке дейінгі білім беруге арналған платформа әрі әдістемелік материалдар қорын қамтитын бірегей ресурс – BilimKids контентін орынды қолдана алатындарын көрсетті.

Тәуелсіз сараптамалық комиссия «Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы бойынша екі жеңімпазды анықтады, олар: Қостанай облысы Лисаков қаласындағы «Ивушка» балабақшасы» МКҚК қазақ тілінің оқытушысы Янчук Анна Владимировна мен Семей қаласындағы «Ақылтай» балабақшасы» ЖШС мектепке дейінгі тобының тәрбиешісі Тоқжігітова Аяужан Қонысбайқызы. Олардың жұмысын бағалаған сарапшылар педагогтердің шеберлігінен бөлек, ұсынған жұмыстарының сапасын, алған тақырыптарының өзектілігі мен жаңалығын атап өтті.

«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауының жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылардың сауалдарына жауап берген Анна Владимировна Янчук BilimLand ресурстарын бұрыннан білетінін және өзінің педагогикалық қызметінде тиімді қолданып жүргенін жеткізді. Сондықтан көп ойланбай, «Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталған жаңа аталымға қатысуға шешім қабылдаған. Сараптамалық комиссия мүшелері педагогтің қазақ тілін жетік меңгергендігіне қайран қалды. Өз кезегінде Анна Владимировна өзге тәрбиешілердің тәжірибесі мен өзінің педагог ретінде кемелденуге деген құлшынысы осы мақсатқа жетелегенін жасырмады. Қазылар алқасының назарын аударған екінші нәрсе – BilimKids-тің дамытушы мультфильмдерінің тиімді қолданылуы: олар тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілді меңгеру және алған білімін автоматтандыру тәсіліне айналған.

Екінші жеңімпаз Аяужан Қонысбайқызы да АКТ-ны, атап айтқанда Bilimkids платформасының контентін белсенді пайдаланатынын жеткізді. Балабақша тәрбиешісі өтетін тақырыптың мән-мағынасын ашатын танымдық интерактив ретінде Bilimkids мультфильмдерін қолданған. Онлайн марапаттау рәсімінде сөз алған жеңімпаз қуанышын бөлісіп, өскелең ұрпақтың қалыптасуына оң ықпал ететін білім ресурстарын ұсынып отырған BilimLand мүмкіндіктерінің шекарасы одан әрі кеңейе түсуіне тілектестігін білдірді.

«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауына қатысқан педагогтер мен мамандардың бәріне алғыс білдіре отырып, біз 2021 жыл болашақ қатысушылар үшін жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашады деп сенеміз.

ЯНЧУК АННА ВЛАДИМИРОВНА
Конкурс2
Облыс, қала:  Қостанай облысы, Лисаков қ.
Мектеп: «Ивушка» балабақшасы» МКҚК
Пән: қазақ тілі
Сынып: мектепке дейінгі топ
Сабақтың тақырыбы: Қызық оқиға
Жұмыс тілі: қазақша
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге

 

ТОҚЖІГІТОВА АЯУЖАН ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ
Конкурс2
Облыс, қала: ШҚО Семей қ.
Мектеп: «Ақылтай» балабақшасы» ЖШС
Пән: қоршаған ортамен танысу
Сынып: мектепке дейінгі топ
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар
Жұмыс тілі: қазақша
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге

Ұқсас мақалалар

«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды! - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды!
21.01.2021
Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ» - Bilimland.kz Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ»
15.01.2021
Қорытынды аттестаттауға дайындаудағы педагогтің жаңашыл шешімдері - Bilimland.kz Қорытынды аттестаттауға дайындаудағы педагогтің жаңашыл шешімдері
08.01.2021