Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ»

Жаңа аталым – «Онлайн сабақтағы АКТ»

2020-2021 оқу жылында «Bilim Media Group» инновациялық компаниясы орта білім берудегі жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес Online Mektep платформасын жасап шығарды. Бұл BilimLand білім беру экожүйесінің модульдерінің бірі қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған виртуалды мектеп және орта білім беру ұйымдарында да, өздігінен білім алуда да оқу процесін ұйымдастыруға арналған білім беру контенті мен функционалынан тұрады.

Online Mektep платформасын күнделікті 3 миллион бірегей қолданушы қолданады, ал желтоқсан айының өзінде қолданушылардың жалпы саны 6,7 миллионды (zero.kz деректеріне сәйкес) құрады.

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер тәжірибесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгісін қалыптастыру мақсатында жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауына «Онлайн сабақтағы АКТ» аталымы қосылды. Қатысушылар жолдаған 149 жұмыс бас жүлде – 500 000 теңге және жеңімпаз дипломына үміткер болды.

Бұл аталымның жеңімпазы – Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының жұмыс өтілі 20 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанахметова Толқын Амангелдіқызы. Қазылар алқасы синхронды оқыту форматында сабақта АКТ-ны қолдану саласында мұғалімнің құзыреттілігін, Online Mektep платформасымен жұмыс істеу алгоритмін көрсете алғанын, шеберлігі мен оқушылардың оқу материалын меңгеруде жоғары нәтижелілігін көрсете алғанын атап өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 16.00-де біздің Facebook-тегі BILIM Land парақшасында онлайн режимде өтеді. BilimLand компаниясы Жанахметова Толқын Амангелдіқызын жеңісімен құттықтап, еңбегіңіз игілікті болсын деп тілейді!

ЖАНАХМЕТОВА ТОЛҚЫН АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ
Конкурс2
Облыс, қала: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Мектеп: "Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
 
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Мен таулықпын" өлеңі
Жұмыс тілі: Қазақ
Жүлде: Жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге

Ұқсас мақалалар

Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан - Bilimland.kz Жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашқан
28.01.2021
«Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды! - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім – 2020» байқауында «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша екі педагог жеңімпаз атанды!
21.01.2021
Қорытынды аттестаттауға дайындаудағы педагогтің жаңашыл шешімдері - Bilimland.kz Қорытынды аттестаттауға дайындаудағы педагогтің жаңашыл шешімдері
08.01.2021