Жаңашыл мұғалім-2015

Байқау туралы

Байқау мақсаты:

  • білім беру саласында онлайн ресурстарды пайдаланатын озық педагогикалық тәжірибелермен бөлісу және тарату;
  • білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлес қосқан жалпы білім беру пәндерінен сабақ беретін педагогтерді халық алдында таныстырып, мадақтау.

Байқау талаптары:

  • педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытып, шығармашылық әлеуетін арттыруға үлес қосу;
  • дарынды және шығармашыл пән мұғалімдерін анықтау және деректер қорын жинау.

Байқау қатысушылары:

Байқауға Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұғалімдер қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін төмендегі талаптарды орындау керек:

  1. Байқау ережелерімен мұқият танысу.
  2. BilimLand.kz сайтындағы ресурстарды пайдаланып сабақ өткізу.
  3. Байқау жұмыстарын видеофильм немесе презентация түрінде жіберу, немесе жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту кезеңіндегі сабақ үзіндісінің конспектісі. Әр қатысушыдан тек бір сабақ қабылданады.
  4. Байқау жұмысы мен өзіңіз жайлы ақпаратты (толық аты-жөні, мекенжайы, жұмыс орны, пән аты, жұмыс өтілі, телефон нөмірі, электронды пошта) сілтеме бойынша жіберу.

Байқаудың өту мерзімі:

Байқауда 2015 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында жіберген жұмыстар қаралады (10 сәуірден кейін байқауға жұмыстар қабылданбайды).

Байқау нәтижесі:

Әділқазылар алқасы байқау нәтижесін 13 сәуір мен 19 сәуір аралығында шығаратын болады. Байқау қорытындысы Bilim Media Group ЖШС http://www.bilimmedia.kz сайтында және BilimLand.kz порталында жарияланады.

Марапаттау:

Барлық қатысушы Bilim Media Group компаниясының Алхысхатын алады.

Байқау жеңімпаздары Bilim Media Group компаниясының дипломымен марапатталады немесе жалпы білім беру ресурсына бір жылға тегін жазылау мүмкіндігіне ие болады (таңдау бойынша).

Байқау ұйымдастырушылары:

Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы

bakytgul.s@bilimmail.kz,

Сарсенова Татьяна Альбертовна 

tatyana.s@bilimmail.kz

Байқау талаптары

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  1. Видеофильм форматындағы жұмыста (сабақ тақырыбы, міндеті, пән, сынып көрсетілген ұзақтығы 5–7 минуттық сабақ) жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту кезеңінде BilimLand.kz сайтындағы ресурстарды пайдалана отырып түсірілген сабақ үзіндісі қабылданады.
  2. Презентация форматындағы жұмыста (сабақтың тақырыбы, міндеті, пән, сынып көрсетілуі керек) жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту кезеңінде BilimLand.kz сайтындағы ресурстарды пайдалана отырып жасалған сабақ үзіндісі қабылданады. Презентация 7–15 слайдтан аспауы керек және қосымша жұмыстарды (сұрақтар, жаттығулар, диаграммамен, сызбамен, видеофильмдермен, симуляторлармен жұмыс, т.б.) қамтуы тиіс.
  3. Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту кезінде BilimLand.kz сайтындағы ресурстарды пайдалана отырып жазылған, сабақтың тақырыбы, міндеті, пән, сынып толық көрсетілген конспект форматындағы жұмыстар.
  4. Сұрақтар туындаған жағдайда 291 71 83 нөміріне хабарлауларыңызға болады.

Байқау жеңімпаздарын анықтауға көмектесетін бағалау критерийлері:

  1. Байқау жұмысына ұсынылған жұмыстың безендіру талаптарына сәйкес болуы.
  2. Жұмыстың бірегейлігі.
  3. Онлайн-ресурстарды пайдалануда өзіндік ерекшелік таныту.
  4. Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту кезеңінде білім берудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларын қолдану.
  5. Жұмыстың сапалы безендірілуі.
  6. Сабақта саналуан және дәйекті онлайн ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың білім нәтижелеріне ықпал ету.
Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

Мақалалар