Жаңашыл мұғалім–2018

Байқау туралы

Мақсаты:

  • мұғалімнің әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру;
  • педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету;
  • цифрлық технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату.

Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі

Байқау екі кезеңнен тұрады:

1-кезең: 04.12.2017 – 28.01.2018

2-кезең: 19.02.2018 – 22.04.2018

Байқау шарттары:

  • Қатысушылар міндетті түрде білім беруші bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарына жазылулары шарт;
  • Байқау жұмыстары байқау талаптарына сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы мен безендіруін автор өз мақсатына лайықтап, өзіндік шешіммен үйлестіруіне болады;
  • Байқаудың 1-кезеңінен өтпеген қатысушылар 2-кезеңге жіберілмейді;
  • Қатысушылар байқауға жұмыс жолдау арқылы BMG компаниясына сабақ жоспарларын, атап айтқанда, электрондық мәтіндік және видео материалдарды BilimLand.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында жариялауға рұқсат береді.

Байқауды ұйымдастыру кеңесі

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болады:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);

«Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге).

Байқау ұйымдастырушылары байқаудың 2-кезеңіне өткен және екінші кезеңге сапалы, талаптарға сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға  алғыс хат табыстайды.

Байқау қорытындысы www.bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі bilimland парақшаларында 25 мамырда жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен сыйлықтар табыстау рәсімі 25 мамырда өткізіледі.

Байқау талаптары

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

Байқауға қатыса алады:

1. Бастауыш және орта білім беру мекемелері (орта мектеп, гимназия және лицей) оқытушылары;

2. Білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері, тәлімгерлер, тәрбиешілер.

Қатысушылардың білім беру саласындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек және әрбір қатысушы жұмыс орнынан берілген анықтаманың электронды нұсқасын ұсынуы тиіс (байқауға анықтамасыз қатыстырылмайды).

*Байқау ҚР аумағында ғана жүргізіледі.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  • сабақ және сынып/сыныптан тыс сағаттардың жоспарлары әдістемелік сауатты болуы тиіс;
  • сабақ және сынып/сыныптан тыс сағаттары жоспарына міндетті түрде www.bilimland.kzwww.itest.kzwww.imektep.kzwww.twig-bilim.kz ресурстарының мультимедиялық материалдары (видеофильмдер, анимациялар, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т.б.) кіріктірілуі тиіс;
  • тәжірибеде қолданылуына мән берілуі тиіс; 
  • жұмыс сапалы безендірілуі тиіс; 
  • авторлық идея бірегей болуы тиіс; 
  • авторлық құқық сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе жартылай көшіріп алу «плагиат» болып саналады, бұл қатысушылар байқаудан шеттетіледі) тиіс.

*Білім беру ресурстарына оффлайн құрылғы арқылы қосылған мектеп мұғалімдері  +7 (727) 344 95 95, +7 (707) 944 95 95 нөмірлеріне хабарласып, сұраныс жасау арқылы жеке аккаунт аштыра алады.

Аталымдар

Байқау кезеңдері

«Сабақтағы АКТ» аталымы

1-кезең: байқауға жіберілген сабақта мұғалім АКТ-ның негізгі құралы ретінде сабақтың барлық кезеңінде (жаңа сабаққа дайындық, өткен материалды бекіту, практикалық жұмыс, білімін тексеру) bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолдануы тиіс. Сабақ жоспары Word форматында қабылданады.

Шарты: міндетті түрде бірнеше материал түрін қолдану (мәтін, видео, жаттығу, симулятор және т.б.). 

2-кезең: 10-15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі және қазіргі қоғамдағы мұғалімнің орны туралы айтып (максимум 2 минут), bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолданған сабақ үзіндісін көрсетуі тиіс.

Шарты: Егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымы

1-кезең: twig-bilim.kz ресурсын пайдаланып өткізген сынып сағаты немесе сыныптан тыс шараның Word форматындағы сабақ жоспары жолдануы тиіс. Сабақта оқыту мен тәрбие жұмысындағы интеграция көрініс табуы керек.

Шарты: байқауға жіберілген сынып сағаты немесе сыныптан тыс шарада twig-bilim.kz ресурсының материалдары жан-жақты қолданылғаны толық көрінуі тиіс. 

2-кезең: 10-15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі және қазіргі қоғамдағы мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәрбиешінің, тәлімгердің орны туралы айтып (максимум 2 минут), twig-bilim.kz ресурсын қолданған сынып сағатының немесе сыныптан тыс шараның үзіндісін көрсетуі тиіс (Сондай-ақ twig-bilim.kz-тегі қосымша оқу материалын қолдануға болады). 

Шарты: Егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы

1-кезең: itest.kz, bilimland.kz, twig-bilim.kz ресурстары қолданылып, қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық ретінде өткізілген сабақтың Word форматындағы сабақ жоспарын жолдау.   

Шарты: байқауға қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындауда itest.kz, bilimland.kz, twig-bilim.kz ресурстары қолданылған, әртүрлі жұмыс формалары мен түрлері көрсетілген сабақ жоспары ұсынылуы тиіс.

2-кезең: 10-15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі және қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық кезіндегі мұғалімнің орны туралы айтып (максимум 2 минут), ары қарай itest.kz, bilimland.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолданып қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық түрінде өткізген сабақтың үзіндісі болуы керек.

Шарты: Егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» аталымы

1-кезең: ШЖМ жағдайында сыныптарды біріктіріп өткізген сабақтың толық жоспары жолдануы керек. Сабақтың барлық кезеңінде (жаңа сабаққа дайындық, өткен материалды бекіту, практикалық жұмыс, білімін тексеру) bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары қолданылуы тиіс. Сабақ жоспары Word форматында қабылданады.

Шарты:  Біріктірілген сыныпта өткізілген сабақта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары сабақтың барлық кезеңінде қолданылуы тиіс. 

2-кезең: 10-15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберу. Видеода мұғалім өзі және шағын жинақты мектептегі мұғалімнің орны туралы айтып (максимум 2 минут), біріктірілген сыныпта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарын қолданған сабақ үзіндісін көрсетуі тиіс.

Шарты: Егер 2-кезеңге жіберілген видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспарынан өзгеше болса, онда видеодағы сабақтың Word форматындағы жоспары қоса жолдануы тиіс.

Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

Мақалалар