Махамбет Өтемісұлы. «Атадан туған аруақты ер» өлеңі

  • 1.311
Махамбет Өтемісұлы шығармаларының басым бөлігі 1836-1838 жылдар аралығындағы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне, сол тұстағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне арналады. Ол әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресе жүріп, Ресей отаршылығына, халықтың жергілікті хан-сұлтандардың өктемдігіне деген наразылығын, бостандықты аңсаған асқақ арманын өлең толғауларына арқау етті. Намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске шақырды. Махамбеттің «Атадан туған аруақты ер» өлеңін академик Қажым Жұмалиев 1938 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданының тұрғындарынан жазып алған. Туынды кейін ақынның 1948, 1962, 1989 жылдары басылым көрген жинақтарында жарияланды. Туындының мазмұнында болашаққа, келешекке деген берік сенім, оптимистік сарын, көтеріліске шақырған үгіттік сипат басым. Көтерілістің жеңіліске ұшырағанына қарамастан, ақын басына іс түскенде жанынан табылған жолдастарынан, қаруластарынан, ел-жұртынан әлі де үміт күтеді, қолдайтынына сенеді.
6334
150
Қате туралы хабарландыру