Ақан сері Қорамсаұлы. Құлагер

  • 1.415
Ақан сері Қорамсаұлының бірқатар өлеңдері заман туралы ақынның көзқарасын, ой-сезімін көрсететін саяси лирикалар тобына жатса, бір алуаны, достық, жолдастық, адамгершілік тақырыбына арналады. «Құлагер» – халыққа көп тараған Ақанның ең даңқты өлеңінің бірі. Жаулары соққыға жығып, мерт қылған атын іздеп табады да Ақан оның басын ұстап отырып, сол жерде атына арнап ән шығарады. Бұл кейін «Құлагер» әні аталып кетеді. «Құлагер» – жан күйінішін білдіретін өлең. Өйткені өлеңде оқиғаға ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішті, психологиялық жайды суреттеу басым.
3579
253
Қате туралы хабарландыру