Ілияс Жансүгіров. «Дала» поэмасы. Он екінші бөлім

  • 1.459-12
І.Жансүгіровтің 1930 жылы Қазақстанның он жылдығына арнап жазған атақты «Дала» поэмасы жас ақынды бүкіл республика көлеміне танытты. «Дала» поэмасы Ілиястың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жаңалығы болды. Поэманың негізгі қаһарманы – халық, оған қарсы топтар – жерін жаулаушы, мал-мүлкін талаушылар, қанаушы, езушілер. Осылардың араларындағы талас-тартыс, күрестер, аумалы-төкпелі күндер кесек-кесек картиналар арқылы суреттеледі. Ел өмірінің әртүрлі кезеңдері сөз болады. Кейіпкерлердің мінез-құлық портреті, күйініш-сүйініштері суреттеледі, характерлерін ашатын монолог, диалогтар беріледі. Поэмада, тарихи кезеңдер мол қамтылған, бірақ үгіт-насихат мәселесін бірінші орынға қоя жырлайтын ұзақ өлеңдерге ұқсастығы да жоқ емес. Поэмада сюжеттік элементтер басым, айтайын деген ой-пікірлер тартыстарға құрылған. Өлеңдік құрылысы жағынан да әдебиетке жаңалық енгізген. Поэманың әр шумағы сегіз жолдан құралады. Бірақ бұл – бұған дейінгі сегіз жолдан құралатын өлеңдерден бөлек, жаңа түр. Өзінің идеялық-көркемдік мәні жөнінен «Дала» поэмасы – қазақ тарихына көркем сөз образы арқылы жасалған қысқаша шолу деуге болады.
4591
325
Қате туралы хабарландыру