Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе» романы. Жиырма тоғызыншы бөлім

  • 1.515-29
Шерхан Мұртазаев даңғыл жолмен дабырлы да дүбірлі тірлікке бас қойып, қамсыз ғұмыр кешер мүмкіндігінің бәрін Қызыл жебедей дір-дір еткен шындық соқпағының қатерлі сапарына айырбастап, бір сәт те сыр бермей жел өтіндегі құзар шыңға тура келе жатыр. Біреулер бұл соқпақпен жүруін жүрсе де, о бастағы болмыс-қасиетін шапанының өңін айналдырғандай оңдырып, шындығының қадірін қапелімде жоғалтып алады. Суреткер ретінде де, Азамат ретінде де адалдық, бауырмалдық, жығылып жатқанға жанашырлық секілді о бастағы адами қасиеттерінен танбай, тасып тасқындамай немесе сарқылып суалмай, өз-өзінен оқшауланбай, Көксайдың жолындағы іші қуыстанып, беті кеуектенген күртіктей опырылмай, шындықтың соқпағы тағдырлас болмыспен келе жатқан Шерхан ағамыз бүгінгі таңдағы іші де, сырты да қырық құбылып жатқан заманда менің көзіме сонау ертеде, қазақты Қазақ атандырған дәуірде туып, қазіргі қазақтарға үлгі етер тұлға боп көрінеді. Фариза Оңғарсынова
3847
108
Қате туралы хабарландыру