Мұхтар Әуезов. Қыр суреттері. Үшінші бөлім

  • 1.464-3
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Алғаш 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, кейін орыс мектебінің дайындық курсында білімін жетілдіреді. 1910 жылы Семейде бес кластық орыс училищесіне оқуға түсіп, соңғы жылын оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. 1922 жылы Ташкентте «Шолпан», «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда алғашқы әңгімелерінің бірі – «Қыр суреттері» жарияланады. Аталмыш әңгіме трагедиялық тақырыпқа құрылған. Шығармада табиғат көріністері мен адамдардың күрделі тағдыры терең психологизммен беріледі. Сол замандағы ел ішін жайлаған сүзектің қасіреті, әйел теңсіздігі суреттеледі. Әңгімеде жалғыздарынан айырылған қарттардың қайғысы мен жастай жесір қалып, алпыстағы шалға еріксіз ұзатылған Рәбиға қыздың тағдырына мойынсынбай, ақ түтек боранға ұшып өлгені әсерлі баяндалады. Мұхтар Әуезов өз шығармаларында өмір шындығын қаз-қалпында көрсетеді.
1700
116
Қате туралы хабарландыру