Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында

  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-1
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-2
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-3
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-4
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-5
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-6
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-7
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-8
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-9
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-10
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-11
  • Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан. Аға достар арасында-12
Ауыз әдебиетінің білгірі, этнограф, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалин (1895-1982 ) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Ол поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қалам тартқан балалар әдебиетінің классигі. Өмір сырын терең танып, өз ғұмырында мол тәжірибе жинақтаған қаламгер барлық көрген-білген, көкейге түйген қазынасын балаларға арнаған. Өміртаным сабақтары бәрінен де кішкентай оқырманға аса қажет екендігін қаламгер түйсігі жазбай таниды. Өзі де осы салада талмай еңбек етеді. Оның аңшылық, саятшылық тәрізді өнер түрлерін танытатын «Сәтжан», Көксегеннің көргендері» «Бала мерген» «Бала Шоқан» сияқты әңгіме, повестері, «Будан», «Жылқышы», «Баян жүрек» сияқты өміртанымдық поэмалары – оқырман көкейінен шыққан сүйікті шығаралар. Адамгершілік, Отаншылдық тәрбие беретін «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Жеткіншектер», «Киіксор» «Ойламаған жүріс», «Сымбатты Сима», мінез-құлық, әдеп мәселелерін көтеретін «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр» қатарлы көптеген шығармалары – жас өскіннің рухани қалыптасуына елеулі үлес қосып келе жатқан бағалы дүниелер. Қаламгердің көптеген шығармалары шет тіліне аударылған. Сапарғали Бегалиннің шығармашылығы – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, барлық балалар әдебиетінің асыл қазынасы. Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі. Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан» повесі. Өз заманынан өза туған талантты тұлға Шоқан өмірі туралы еңбек жазу қаламгерді ерте еліктіреді. Семейде оқып жүрген кезінен Шоқан өмірі туралы естіп өскен қаламгер көптеген тарихи деректерді зерделейді. Жазушы өз естеліктерінің бірінде: «...Шоқан өміріне қатты құмарттым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға жұмылдырды. «Бала Шоқанды» осылай жаздым» – дейді. «Бала Шоқан» повесінен алынған үзінді күзеке Шыңғыс ауылының келгеніне аса қуанған сары бала әрекетінен басталады. Кейіпкерлері: Шоқан, Мысық, Шоқанның анасы, әкесі, інісі, Жақып. Әрқайсысының мінез ерекшеліктері әңгіме барысында олардың іс әрекеті арқылы ашылып отырады. Автор бала Шоқанның барлық әрекетінен жасынан ақылды, мейірбан, байсалды балғанын аңғартады. Автор Мысықтың іс-әрекеті мен портретінен шағын ғана өз әлемінде жетіліп келе жатқан шебер баланың секемшіл, үркек мінез-құлқын нанымды жеткізеді. Шығармада баяндау басым, тілі жеңіл. Автор шығарма желісі арқылы өнерге деген үлкен құрмет пен Шоқан бойындағы адамгершілік қасиеттерді өнеге етеді.
2546
391
Қате туралы хабарландыру
Қате туралы хабарландыру