Ілияс Есенберлин. Көшпенділер. Үшінші кітап. Тоғызыншы бөлім

  • 1.3. І. Есенберлин. Көшпенділер. 3-кітап
Ілияс Есенберлиннің атағын әлемге танытқан «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдарынан тұратын «Көшпенділер» трилогиясы. Жазушы өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің 15-19 ғасырлардағы тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Үш кітаптың өзара тығыз байланысты екі ірі мәселесі бар: бірі-15-19 ғасырлардағы қазақ қоғамының ішкі қарым-қатынасы (дербес мемлекет құру, елдігі,ұлттығы үшін күресі), екіншісі-халқымыздың тәуелсіздігі үшін күресі, үшіншісі - осы жолда шетел шапқыншыларымен жанталасқан шайқасы. Жүздеген ірі кейіпкерлердің (хандар мен билер, батырлар, халық өкілдері, шонжарлар, т.б.) арынды тартыс-күресі, ой-сезімі, ісі тарихи оқиғалар толқынында көрінеді. Соғыс, ел қорғау, тақ үшін, жер үшін қырқысу күресі шулы мұхиттай құлақ жарады. Алмас қылыш» романында Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының Қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы - Әбілхайыр, екінші жағы - Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі - Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жаулармен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, сол жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы- қазақ руларының бірлесу,бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. «Жанталас» романы - XVIII ғ. Қазақстандағы әлеуметтік-қоғамдық тартыстар, халық басынан өткен сан алуан оқиғалар бейнеленеді, Абылай хан,Бұқар жырау тектес тарихи қайраткерлер образы жасалған. «Қаһар» романында XIX ғасырдың 30-40-жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін суреттейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйініші мен арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен шебер көрсеткен.
1553
148
Қате туралы хабарландыру