Школа-лицей №50

Школа-лицей №50 - Bilimland.kz
Школа-лицей №50
Лицей
Мекенжайы:
Күйші Дина, 6
Электронды мекенжайы:
Сайты:
Жаңартылды: 26.04.2024
3247
І. 2004/2005 оқу жылы. Астана қаласындағы № 50 орта мектебі Астана қаласы әкімдігінің 19.08.2004 жылғы № 1654 қаулысына сәйкес 2004 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған. Ашылу салтанатына ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қатысып, тұсаукесерін өзі жасады. Мектеп 1056 оқушыға арналған. ІІ. 2005/2006 оқу жылы ҚР Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 жарлығымен бекітілген «2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектебіміз № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі болып бекітілді. Мектеп-лицейінің ашылуына қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры, еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшы Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы қатысты. ІІІ. 2006/2007 оқу жылы 2006 жылғы 31 мамырдағы №480 қаулысына сәйкес №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейіне «Халық тағдыры қайқы қылыштың үстінде қылпылдаған заманда, жоғыңды жоқтаған жоқшы, мұңыңды мұңдаған мұңшы» – Райымбек батыр есімі берілді. 2007 жылдың 13 қыркүйегінде Райымбек батыр есімін беру салтанатты түрде Райымбек батыр ұрпақтарының қатысуымен атап өтілді. ІV. 2007/2008 оқу жылы 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Республика көлемінде «ОНЛАЙН» жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мектеп-лицейінде "Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан" атты ашық сабақ өтуі тәуелсіз ел тарихындағы тұңғыш елеулі оқиға болды. V. 2008/2009 оқу жылы 2008 жылдың 5 желтоқсанында ұлтымыздың ұлылығын танытатын жәдігерлерімізді таныту мақсатында мектеп мұражайына "Қазақ батырлары" аты берілді. Білім беру ісіндегі - ертеңгі ел тұтқасы, бүгінгі мектеп шәкірті – жеке тұлғаның білім алуын, ізденісін, тәрбиесін қазіргі өркениет талабына сай жаңа үрдісте ұйымдастыра алуы мектеп – лицейінің ерекшелігі. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да білім ордасының тарихы елеулі оқиғаларға толы. Атап айтсақ, «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына Қазақстан Республикасы Білім министрі 2004-2005 оқу жылында Б.С. Әйтімованың , 2006-2007 оқу жылында Ж.Қ. Түймебаевтыңқатысуы. 2005/2006 оқу жылында көршілес Ресей елінің астанасы Москвадан білім саласы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында қонақтар келуі. VІ. 2014/2015 оқу жылы 2014 жылдың қазан айында мектебіміздің директоры болып Болатаева Роза Әбіләкімқызы сайланды. 2014 жылдың қараша айында мектебіміз 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Мектеп-лицейінің алдына қойған басты мақсаты – техникалық бағыттағы пәндерді(математика, физика, химия, биология) тереңдете отырып, ғарыш кеңістігін зерттеуде ұлттық кадрларды, дарынды оқушыларды дайындау. Біздің Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп–лицейі - ғарыш бағытындағы мемлекеттік тілде оқытатын республика көлеміндегі тұңғыш мектеп. Жоғары лицей сыныптарында (8-11) химия, физика, математика, химия, биология пәндері, 5 сыныптарда ағылшын тілі тереңдетіліп, ал 1 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Мектеп ашылғаннан бері «Қазғарыш» Ұлттық компаниясымен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен, К.Э.Циолковский атындағы Ресей Мемлекеттік Технологиялық Университетімен тығыз байланыста жұмыстар атқарып келеміз.