Казахско-турецкий лицей-интернат для одаренных девочек

Казахско-турецкий лицей-интернат для одаренных девочек - Bilimland.kz
Казахско-турецкий лицей-интернат для одаренных девочек
Лицей
Мекенжайы:
Байтурсынова, 25
Электронды мекенжайы:
Сайты:
Жаңартылды: 04.05.2024
2858
Қазіргі уақытта лицейде 305 оқушы оқиды. 11 сынып – комплект. Астана қаласы Білім басқармасының «Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі 2003 жылы ашылды. Лицей алғаш рет № 17 орта мектептің ғимаратында 76 оқушы қабылданып, құрамында 7 мұғалім, 3 тәрбиешісі бар ұжым лицейдің алғашқы директоры Хикмет Тюркханның ұйымдастырумен шаңырақ көтерді. 2004 жылдан 2014 жылдың сәуір айына дейін лицей №48 мектеп - лицей ғимаратының ІІ қабатында орналасқан. Қазір №72 мектептің 3-4 қабатында жұмысын жалғастыруда. Сол уақытта құрамында 33 мұғалім, 6 тәрбиешісі бар ұжымды Таймағамбетов Қайрат Серикбайұлы басқарған. 2015 - 2016 оқу жылына кіргеннен бастап мектеп директоры Сламбеков Ерлан Талғатбекұлы, 35 мұғалім, 6 тәрбиеші заман талабына сай, жоғары дәрежеде жұмыс жасап келеді. Мұғалімдер саны: 35. Соның ішінде: жоғары санатты- 11 мұғалім, бірінші санатты- 6 мұғалім, екінші санатты – 8 мұғалім. Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдрашева Қызғалдақ Орынтайқызы, бейімді оқыту жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтмурзина Бақыт Касымқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарының иегерлері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нусипова Гүлсайра Жапарқызы, тарих пәнінің мұғалімі Рысмамбетова Балжан Тұрғанқызы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығының төс белгісінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері. 2009 жылы лицей ҰБТ– де жоғары көрсеткіштер үшін Білім және ғылым Министрінің Алғыс хатымен марапатталды.