№156 жалпы білім беретін мектеп

№156 жалпы білім беретін мектеп - Bilimland.kz
№156 жалпы білім беретін мектеп
Орта мектеп
Мекенжайы:
мкр.Ужет, ул.Ауэзова, 48
Электронды мекенжайы:
Сайты:
Жаңартылды: 24.11.2024
6606
Мектеп белгісінің негізіне шаңырақ алынған. Ол таңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және мектеп аясында өмір сүріп жатқан бірнеше ұлттың рухани белгісі. Шаңырақ уықтары тәрізді күн шуақтары жан - жаққа түлеп ұшатын мектеп түлектерінің нұрлы болашағы тәрізді.. Шаңыраққа ұштастырып жер шары бейнеленген. Жер шарындағы Қазақстан картасы кең байтақ, ұлан ғайыр жерімізді паш ететін шексіздік пен мәңгіліктің белгісін көрсетіп тұр. Күн нұрының астында, Алатаудың баурайында көк Байрағымыз желбіреп, қазағымыздың рухын асқақтатып тұр. Жер жаннаты - Жетісудың жерінде Республикамызға белгілі мектебіміз қанатын кең жайып тұр. Адамзат баласының көкірегін ашып, білім нәрімен сусындатқан қасиетті кітап мектептің алтын босағасына баланды. Мектепке көп жылдар бойы киелі сан болған «156 » нөмірі ортада орналасқан. Шеңбер сыртына көк Байрағымызда бейнеленген өрнектердің өрілуі ата -бабамыздан осы күнге жеткен ұлттық нақышымызды көрсетеді. Мектеп белгісі «Тәуелсіз мемлекетіміздің көк аспанының астында көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де білікті, еңсесі биік ел бола біл!» - деген тұжырымды білдіреді. МЕКТЕПТІҢ ӘНҰРАНЫ Сөзі: Сағымбаева Г.Ш. Әні: Сейілханова М.С. Ақыл мен ойдан жаралған, Ғылымнан барлық нәр алған. Мектеп – білім ордасы Болашаққа самғаған. Қайырмасы: Елімнің ертеңін Борышым – көркейту. Өлкемнің мерейлі Достығын паш ету. Білім мен өнер ұштасқан, Атар таңы нұр шашқан. Әр түрлі ұлттың ұрпағы Бірлігіміз жарасқан.