Основная средняя школа №174

Основная средняя школа №174 - Bilimland.kz
Основная средняя школа №174
Орта мектеп
Мекенжайы:
ул.Новгородская д.5
Электронды мекенжайы:
Сайты:
Жаңартылды: 24.11.2024
2984
Мектеп тарихы Оқу қазақ тілінде журетін 174 негізгі орта мектеп 2004 жылы 1 қыркүйекте ашылды. • Алғаш мектепте 332 оқушы қабылданды. Заңды тұлға ретінде мекен – жайы :Алматы қаласы, Жетісу ауданы; Новгород көшесі; 5 үй.Мектеп 200 оқушыға арналған типтік ғимарат, жалпы ауданы – 2058,4 кв.м. Мектептегі 17 сынып жиынтығында 356 оқушы оқиды. Мектеп – екі ауысымда,5 – 9 сыныптар күндік, 1-4 сыныптар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы бұйрығымен сәйкес 5 күндік оқу тәртібімен оқытылады. Сыныптағы оқушылардың орташа сыйымдылығы 21 оқушы. Мектеп проблемасы: Мектепті жан жақты дамыту, интеллектік байыту, бала тұлғасының рухани және жеке мүмкіндіктерін ашу жолында оқытудың үздік әдіс тәсілдерін қолдану. • Міндеттер: 1. Жалпыға бірдей міндетті оқу заңын жүзеге асыру 2. Білім беруге мемлекеттік стандартты жүзеге асыра отырып, басқарудың тиімді жолын іздену 3. Мектептің материалдық техникалық базасын нығайту 4. Оқытудың жаңа технологияларын ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану. 6. Өзін-өзі тану пәнін жүргізу мақсатында адамның өзіне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзін тануға , өзін бағалай білуге тәбиелеу Білім беру мекемесінде төмендегідей нормативтік – құқықтық сипаттағы құжаттар жинақталған. 1. Мемлекеттік қайта тіркелу куәлігі: Алғашқы мемлекеттік тіркелген куәлігі күні 08.09.2004 жыл .65483-1910-ММ.Екінші рет 01.12.2008 ж. 65483-1910-ММ. Тіркелген . ГУ мекеменің аталуы Алматы қаласы Білім басқармасы, 174 негізгі орта мектеп Мемлекеттік мекемесі. Мекен – жайы: Индекс 050050.Алматы қаласы Новгород көшесі, 5 Директор телефоны 279-77-20 Хатшы телефоны 279-77-20 2. Статистикалық карта ҚҰЖС мемлекеттік сыныптауышы бойынша коды 40352068. ҚҰЖС кодының берілген күні 10.09.2007 жыл. Толтырылған күні 04.12.2008 ж. 10:30. 3. Білім беру ұйымының жарғысы Заңды тұлға Жарғы Әділет департаментінде тіркеліп , мөр басылған.08.09.2004 ж. 65485-1910-ММ. 4. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясы АА-4 сериясы 0104775 берілген күні 2010 жыл 25 наурыз. Лицензияға қосымшаның нөмірі АА-4 сериясы 0097235 берілген күні 2010 жылы 25 наурыз. 5. Жер учаскесінің кадастерлік номері 20-14-013-457. 200 оқушыға арналған білім мекемесінің қабылдау актісі, ғимараттың техникалық паспорты, сызбасы бар. 6. Білім беру үрдісіне байланысты ғимаратты қолдануға рұқсат етілген СЭС, МӨС мекемелерінің қорытындысы: Мекекменің білім беру үшін пайдалануға санитарлық эпидемиялық орталық және өртті болдырмау шараларын қорғау мекемесінің қорытындысына тіркелген. 7. Медициналық қызметпен және тамақтандырумен қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар: Мектепте екі медициналық кабинет бар.1- дәрігер бөлмесі және 1- егу бөлмесі бар, онда медбике Мартыновская Анна қызмет етеді. Педагогтар мен кіші қызметкерлер және буфет қызметкерлерінің санитарлық кітапшалары толық: 8. Білім беру ұйымының құрылымы мен оның бөлімшелері туралы Ережесі толық бар. 9. Мектеп диреторы бекіткен әр оқу жылының сабақ кестесі толық сақталған. Сабақ кестесі тұрақты, жарты жылдыққа құрылған және толық орындалады. Сабақ кестесінде мұғалімдердің шығармашылық күндері, курстан өту күндері ескерілген. 10. Іс – құжаттар номенклатурасы: Құжаттарды рәсімдеуде Алматы қаласының мұрағаттау және құжаттама басқармасымен 11.12.2007 жылы келісіп мектеп директоры бекіткен істер номенклатурасы басшылыққа алынған. 11. Мұғалімдер мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтар мен штаттық кестесі: Мұғалімдер мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтар мен штаттық кестесі әр оқу жылында еңбек шарты жасалып, таныстырылған. Штаттық кесте бекітілген . Мамандар туралы бұйрық кітабы, мектеп қызметкерлерлерімен жеке еңбек шарт жасалған, тиісті журналға тіркелген. Еңбек кітапшалары ҚР еңбек туралы заңы негізінде уақытында толтырылған. 12. Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша ішкі өкімдік құжаттар,регламенттер : Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруға қажетті құжаттар (техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды тіркеу журналы , өртке қарсы қауіпсіздік актілері және т.б.) құжаттар толық топқа сай жазылған. 13. Жылдық оқу – тәрбие жоспарлары мен ата – аналар жиналысының, педагогикалық кеңес отырыстарының директор жанындағы кеңес отырысының , әдістемелік бірлестіктері отырыстарының, әкімшілік кеңес хаттамалары: басқа да жоспарлау құжаттары нөмірленіп тігіліп, бекітілген . Педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы әрбір кезекті кеңесте тыңдалып хаттама ретінде тіркелген. 14. Іс – құжаттарының жүргізілуін анықтауда төмендегідей құжаттар әзірленді. Оқушылар қозғалысы туралы кітабы нөмірленіп тігілген , таза ұқыпты, жүйелі түрде жүргізілген. Алфавиттік кітап нөмірленген, тігілген. Мектеп директорының мөрі қойылған. 15. Жалпыға міндетті оқу заңы бойынша құжаттар ретті. Оған жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хайсин Ақыл Әділғазыұлы және Чамкарова Айжан Батталқызы. 16. Оқушылардың ауысуы, қабылдануы, мектепке қайта алынуы туралы бұйрық, тіркеу кітабы талапқа сай жазылған,нөмірленген, тігілген, мектеп директорының қолы, мөрі қойылған. 17. Оқушылардың жеке іс-құжаттары толық ретке келтірілген. Бұйрықтар кітаптары толық тіркелген. 18. Соңғы 3 оқу жылындағы статистикалық есеп формалара бойынша мектеп ұжымы , оқушылары туралы мәлімет толық жасалған . Мектепте 15 оқу кабинеті бар. Оның ішінде 5 интерактивті тақта , 2 компьютер кабинеті бар. Барлық оқу кабинеттерінде дидактикалық материалдар және картотекасы толық жүйеленген. Мектеп екі ауысымда оқытылады 1 ауысым 8 : 00 – ден 13 : 05 дейін. 2 ауысым 13: 30 –ден 18 : 35 дейін.