Форум
Мектеп басшылығы тарапынан көрсетілетін қысым. Ұжымдағы әріптестік қарым-қатынас
Жарияланған күні: 10.29.2019
Автор
Хабарлама
29.10.2019 12:16:23

Мектеп басшылығы тарапынан көрсетілетін қысым. Ұжымдағы әріптестік қарым-қатынас

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:20:15

35 жыл оқытушы болып жұмыс жасаймын. өз практикамда себепсіз басшылардан сөз естіп көрмедім

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:27:18

меніңше бұл әрекеттер ҚР заңнамасына қарсы, сондықтан болмауы тиіс

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:31:54

Мектеп теңдік пен көпұлтты қағидаттарға берік ұстанымға ие және оның қоғамдастығының бір мүшесіне қатысты басқасына қысым жасамайды. Мектеп қоғамдастығы мектептің әлеуметтік миссиясын ұстанатынын мойындайды. Қысым, сондай-ақ адамдар үшін ықтимал елеулі фактор болып табылады: ол оқушылардың қорқынышы мен күйзеліске әкелуі мүмкін, бұл оқу іс-әрекеті жиі зардап шегуіне алып келеді ; ол өзіне деген сенімділіктің және ол бағытталған адамдардың өзіндік қадірқасиетінің сезімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:33:21

Қысым көрсету немесе қорлау әрқашан әдейі бола алмайды, бірақ ол әдейі немесе қасақана емес екеніне қарамастан, әрқашан қолайсыз.

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:35:47

Қысымдама оқу процесі барысында негізделген пікірталастардан немесе мұғалімнің немесе басшының өз оқушыларына негізделген талаптар қоятын іс-әрекеттерінен (мүмкін және әрқашан кең таралған емес) ажырату керек. кейде қойылған талапты қысым ретінде қабылдап жатамыз

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:41:12
ұжымда қарым қатынас өте жақсы, үлкен апайлар әр қашан көмекке дайын. біз жастардын тарапынан ештене аямаймыз
Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:46:05

Қоғамдық негізде жұмыс істейтін барлық мұғалімдер, қызметкерлер, оқушылар, бөгде ұйымдар мен ата-аналар тіл тигізу мен қысым көрсетуді болдырмау және тоқтату мектеп жүйесін қолдайды. Егер кез келген мұғалім немесе қызметкер құрметтемеушілік немесе қысымшылық мінез-құлық фактісі туралы куәландырса, ол немесе ол белгілі бір жас үшін араласудың келісілген шараларын пайдалана отырып, араласу үшін шаралар қабылдауы тиіс.

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:49:00

Мектеп басшылығы тарапынан қысым байқаған емеспін. Егер қойылған талаптарды қысым деп таныса онда мектеп сенің жұмыс орның емес

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:53:12

күш көрсету және психологиялық қысым жасау фактілері аз емес. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қызметкерлер арасында жұмыс жасау керек

Автор
Хабарлама
02.03.2020 14:54:54

Автор
Хабарлама
03.03.2020 11:45:16

бәрі жақсы, ойдағыдай.

Автор
Хабарлама
03.03.2020 11:45:25
кысым көрмеппін әзірге...
Автор
Хабарлама
03.03.2020 11:45:39

Ешқандай қысым көрсетілмейді,оған себепте жоқ.

Автор
Хабарлама
03.03.2020 14:02:18

Ұжымдағы қарым-қатынас мектеп басшылығына тікелей байланысты. адамның мәдениетін қалыптастыру,тұлғалық ерекшеліктерімен өзіне сенімділігін ,ойша жұмыс істей білу бағытын дамыту үшін мысалы әр түрлі тренингштер ұйымдастыруға болады

Автор
Хабарлама
03.03.2020 14:05:13

Күнделікті өмірде біз қоғамда, ұжымда әртүрлі қарым-қатынастың куәсі боламыз. Кез-келген жағдайдан жақсы және жаман жақтарды көруге болады. Пайда болған жанжалдарды өз уақытында шешу біздің табысты болуымызға тікелей қатысты.

Автор
Хабарлама
03.03.2020 14:08:29

«Басшысы бастай білсе, он кісі жүзді жеңеді», - дейді дана халық мәтелі. Шынымен, білікті басшы өзі бастаған кәсіпті жемісті етуге, ұжымын жеңіске әкелуге қабілетті.

Автор
Хабарлама
03.03.2020 14:09:57

Шынайы басшы болу оңай жұмыс емес. Басшының міндеттерінің қатарына қарамағындағылардың әл-ауқатының тұрақты дамып отыруына жағдай жасау жатады. Бұл өз кезегінде ұжым алдына қойылған мақсаттардың уақытылы және сапалы жүзеге асуына жәрдемдеседі. Ұйымның алдында қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін басшы нақты жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы тиіс.

Автор
Хабарлама
03.03.2020 14:11:47

Бірінші кезекте басшы ол өзіне ғана тән ерекше дарынға ие тұлға ретінде нақты құрметке ие болу білуі тиіс. Ұйым басшысының өз күшіне деген сенімділігі ұжымды басқаруда жақсы рөл ойнайды. Ұжым басшының әр бағдарын бағады, оның қойған міндеттерін шешуге болатындығына сенімді болады және нақты нәтижеге қолжеткізуді қалайды. Басшының тағы бір басты қасиеті - өз көңіл-күйін бақылау, күрделі жағдайларда сабырлы және нық бола білу. Өзің-өзі ұстай алмайтын басшы ұжымда беделге ие болуы екіталай. Кез-келген мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тың ойлар мен идеяларды ойлау қабілеті басшының мәртебесін арттыра түсетіндігі хақ. Қызметкерлер басшысының ақылды да білікті маман екендігіне көз жеткізу арқылы сенетін болады. Барлық міндетті қызметкерлерге артып қойып, сонымен қатар бастапқы бағдарды ұсынбастан нақты нәтиже күтуге болмайды. Бұл өз кезегінде көптеген түсінбеушіліктерге алып келеді. Жұмыстың өнімділігіне және ақырғы нәтижесіне кері әсер етеді.

Автор
Хабарлама
03.03.2020 14:14:11

Басшының ұжыммен қалай қарым-қатынас орнатуына байланысты ұйым жұмысының тиімділігі не артады, не бәсеңдейді. Әріптестік пен сенімге негізделіп дұрыс құрылған өндірістік қатынастар өзара түсінушілікті қалыптастырады және мақсаттар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Басшы адамдар жайлы жаман ойламауы тиіс. Себебі, бұл жағдайда ұжыммен байланыс орнату қиын болады. Қызметкерлер басшылық тарапынан құрмет пен қамқорлықты сезінулері керек. Әрине, қызметкер ұжымды өзінің екінші отбасы ретінде санаса, бұл басшының адамдық қасиеттерінің жоғары болуын көрсетеді. өз басшымыз өзіме қатты ұнайды және қызметте профиссионал деп танимын