Қаламгерлер сайысы. Қараша айының соңғы жеңімпазы анықталды

Қаламгерлер сайысы. Қараша айының соңғы жеңімпазы анықталды

Шығармашыл жастардың өнерін қолдау мақсатында басталған қаламгерлер сайысының қараша айындағы соңғы жеңімпазды анықталды.

Сонымен, сайыстың он үшінші аптасының жеңімпазы «Досым менің» атты шығарманың авторы Нұрбек Бекұлы bilimland.kz сайтынан powerbank ұтып алды.

Он үшінші апта қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:

 

Досым менің

Досым менің

Үмітімді жалғадың!

Бөлісейік ауыр мұңнан қалғанын.

Арманыңа жетер жолда тежелме,

Сендегі арман олда менің арманым.

 

Ақ көңілдім

Үмітің еш сөнбесін!

Өмір  алда  әлсіз болу ерге сын.

Күйіңді ұғам жанарыңнан көрген соң,

Оны  менен  өзге  ешкім  көрмесін...

 

Намысшылым

Бойда қаны тулаған!

Түңілмейік  онсызда  бұл  қу ғалам.

Бес күн жалған бақыт көріп өтейік,

Біздей  достар  әлі  өмірде тумаған..

 

Арыстаным

Батыл жүрек айбарлы,

Мәңгілікке достығымыз байланды.

Еңсереміз қиындығың түк емес

Мына әлем өзіңменен жайдарлы. 

 

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

Жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз!

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын.

Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз. bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады.

Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!