Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары бірлесе ұйымдастырып отырған Эссе және өлең-жыр байқауының тағы бір үздік туындысы анықталды. «Өткінші өмір» атты өлеңінің авторы – Тағыберген Нұрлыбек желтоқсан айының кезекті жеңімпазы атанып отыр!
Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Өткінші өмір
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді,
Бүгін бақыт, ертең қайғы өтпелі.
Келмек барда, кетпек барын ұмытпа
Сол себепті бағала сен бес күнді.
Өткінші өмір бейне берер басыңа,
Қарамайды-ау үлкен-кіші жасыңа
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді
Өткінші өмір, өтіп те жатыр асыға.
Баймын деп сен, жарлыны кеп басынба.
Боларға ұмтыл, байлығыңмен шалқыма.
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді
Байлығың да мәңгі болмас қасыңда.
Өмірде бар, тумақ, өлмек, қартаймақ,
Бақыт, арман, рахат және махаббат.
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді,
Өткінші өмір, өтіп те жатыр сырғанап.
Қолда бардың қадірін біл адамзат,
Уақыттың біл жоқ екенін шалқаймақ
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді,
Сол себепті уақытта жоқ талтаймақ.
Өткінші өмір, өтіп жатыр байқалмай
Адамдар жүр оны да бір байқамай
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді,
Өтер өмір, ешкімнен жөн сұрамай.
Өмір сынақ барша жұртқа белгілі,
Өмір аман алмай қоймас ешкімді Б
ір нәрсеге анық көзім жетеді
Өткінші өмір, өткінші жаңбыр секілді.
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз!
Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз. bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады.
Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!