Альберт Эйнштейн

Альберт Эйнштейн

Американың «Time» журналының «Ғасыр адамы» атағына ие болған тұлға Альберт Эйнштейннің атын естімеген адам жоқ. Оны бәрі біледі десем қателеспейтін болармын. Енді осы адамның туған күні қашан, ол немен танымал болды деп сұрақ қойсам көп адам жауап бере алмай қалуы да мүмкін екені өтірік емес. Бүгін жазбамды осы адамға арнағым келіп отыр. 

Теориялық физиканың негізін қалаушы, Нобель сыйлығының иегері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры болған Альберт Эйнштейн Германияның Ульм қаласында 1879 жылдың 14 наурызында дүниеге келді. Өмір жолын ғылымға арнаған Эйнштейннің басты еңбегі – «Салыстырмалылық теориясы», ал алғашқы мақаласын 1901 жылы жариялайды. 

Ол мынадай теорияларға өз үлесін қосып кетті: 

  • Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905);
  • Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы;
  • Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы;
  • Броун қозғалысының статистикалық теориясы.

Нобель сыйлығы Альберт Эйнштейнге 1921 жылы беріледі, ал 1933 жылы ғалым Германиядан біржола АҚШ-қа көшіп кетеді. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң және 1955 жылдың 18 сәуірінде 76 жасында көз жұмғанға дейін бейбітшілікті насихаттаумен көп айналысады.

Альберт Эйнштейнге арналған фильмдер, жазылған кітаптар, мақалалар өте көп. Мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып жүрген BilimLand порталының онлайн-ресурстарында да осы ғалымның атымен байланысты ресурстарды таба аласыздар. Осының бір мысалы ретінде Twig-Bilim видеоларынан мысал келтірейік. 

Twig-Bilim ресурстарындағы Физика пәні

Twig-Bilim ресурстарындағы Физика пәні келесі бөлімдерден тұрады: Күштер; Біздің Күн жүйеміз; Ғалам; Толқындар; Электр және тізбектер; Энергия және радиоактивтілік. Әр бөлім жеке тарауларға, олар өз кезегінде тақырыптарға бөлінген. Мысалы, «Толқындар» бөлімі «Электромагниттік спектр», «Дыбыс», «Көрінетін жарық» тарауларынан тұрады. Назарымызды «Көрінетін жарық» тарауына бұрайық.

 

 

 

 

«Көрінетін жарық» тарауы

Көрінетін жарық

 

Физика заңдары уақытқа саяхат жасауға мүмкіндік бере ме деген сұраққа жауап табу үшін «Уақытаралық саяхат» фильмін көріп, ойларыңызбен бөлісіңіздер:

 


Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова

Педагогика ғылымдарының кандидаты