Алтыншы сезім – түйсік

Алтыншы сезім – түйсік

Қаншама адамның қаншама шешімінің артында «түйсік» жатыр. Ал түйсіктің артында не жатыр?

        Түйсік – дәл осы сәтте ағзамызда не болып жатқанынан хабар береді. Сыртқы дүниедегі құбылыстар мен заттардың сезім мүшемізге тікелей әсер етуінен пайда болады. Біздің түйсігіміздің күші тәжірибеміздің дәрежесіне байланысты болады. Ми біздің мәселемізге дұрыс шешім табу үшін жинақталған білімдерін қарастырады. Түйсік сұрақ пайда болған кезде ғана жұмыс істейді. Түйсіктің сезімталдылығы артып, дұрыс шешім шығаруы үшін көп дайындық керек. Сіз бұл сезімді іштей өзіңіз ғана  біле аласыз. Мысалы,  жаңа пәтер, жаңа жұмыс туралы немесе біреудің адалдығын туралы ойландыңыз делік. Сол ойыңыз дәл келді. Бірақ  өз пікіріңіздің себептерін айта алмасаңыз, міне, осы – түйсік. Оның жұмыс жасау схемасы логикалық ойлаудан бөлек. Логикалық ойлау  мен интуиция тепе-теңдікте болса,  дұрыс шешім шығаруға болады.

           1929 жылы Альберт Эйнштейн  «Saturday Evening Post» газетіне берген сұхбатында «Мен түйсік пен шабытқа ғана сенемін. Кейде жай ғана шешімімнің дұрыс екенін сеземін. Ал өзімнің кім екенімді білмеймін» деген болатын. Ал психотерапевт Эрик Берннің айтуынша, түйсік –  мекені белгісіз жерден келген кездейсоқ білім.

          Бұрыңғы уақытта түйсікті қалай түсіндірді?Ұзақ уақыт бойы интуиция құбылысын зерттеу және түсіну сиқыршылардың, теологтардың және философтардың мойнында болды. Тіпті, оны  илаһи түсініктің көрінісімен байланыстырды. Бірте-бірте XVII ғасырдан бастап түйсікті  түсінудің рационалистік негізі қалыптаса бастады. Рене Декарт, Готфрид Лейбниц және Бенедикт Спинозаның еңбектерінің арқасында интуиция ойлаудың бір түрі ретінде қарастырылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап интуиция психологтардың зерттеу өрісіне енді.

             Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеман түйсікті шешім қабылдаудағы екі жүйесінің бірі деп санайды. Ол оны сезімге негізделген “жылдам” жүйеге жатқызады.  Дегенмен, факт тіліне негізделген екінші жүйе баяу, бірақ дәлірек екені рас. Канеманның пікірінше, интуитивті жүйе сенімсіз, бірақ реакция жылдамдығы өмір сүру мүмкіндігін арттыратын жағдайларда жақсы. Егер түйсігі ежелгі адамды жыртқыштардың шабуылынан құтқарса, қазіргі адам кіреберістегі қарақшылардан немесе түнгі метродағы күдікті саяхатшылардан құтқарады.

              Түйсіктің әр түрін әр түрлі дәрежеде дамытуға болады. Әрі, түйсіктің барлық түрлерінің оң және теріс жақтары барын ұмытпауымыз керек. Түйсіктің  түрлері:

  • Кәсіби тәжірибеге негізделген сараптамалық түйсік
  • Шығармашылық-жаңа перспективалық идеяларды қалыптастыру қабілеті;
  • Әлеуметтік қарым-қатынасты түсіну қабілеті;
  • Уақытша белгілі бір әрекет үшін "дұрыс сәт" сезімі.

          Соңғы жиырмажылдықта психологтар мен неврологтар біздің инстинкттеріміздің қайнар көзін және олардың өміріміздегі маңызын зерттеуде жетістіктерге жетіп жүр. Зерттеулерде  түйсігіміз бізді дұрыс жолға түсіретін нақты жағдайларды мен адастыратын жағдайларды анықтады. Интуицияны ғылыми түсіну Iowa Gambling Task деп аталатын зертханалық ойыннан басталды. Қатысушыларға компьютер экранында төрт карточка ұсынылады. Олар картаны аударған сайын ақшалай сыйақы немесе айыппұл алады. Бірдей карталардың шығуын интуиция тапсырған топ үнемі жеңімпаз болған. Бұл жүздеген ойынның нәтижесінен шыққан тұжырымдама.

         Техастағы Райс университетінің Менеджмент профессоры Эрик Дейн жүргізген экспериментті қараңыз. 2012 жылы оның зерттеу тобы студенттерден қаншама сөмке ішінен дизайнерлік сөмкелер сериясын таңдауды талап етеді. Яғни, сөмкелердің жартысы – дизайнерлік, жартысы – жасанды. Қатысушылардың жартысынан өздерінің ішкі инстинкттерін елемеуді және анықтау үшін логиканың барлық мүмкіндіктерін пайдалануды сұрады. Қалғандарына тек түйсік арқылы анықтауды талап етті. Нәтижесі қалай болды дейсіз ғой?! Түйсікке жүгінгендер логикаға сүйенгендерден 60% дәлірек тапты.

             Эпифанияның түйсіктен айырмашылығы неде екенін ұғынуымыз керек. Түйсікті эпифаниямен шатастырмаңыз. Эпифания – түсініксіз тұжырымдаманы кенеттен түсіну. Көпшілік осы екі ұғымды шатастырып алады. Бұл шешім шығарғанда кері әсерін тигізуі мүмкін. Жақсы. Енді осы түйсікті қалай дамытуға болады?

  • Ақыл-ойдың дауысын ғана емес, физикалық сезімдерді де тыңдаңыз. Белгілі бір әрекеттен немесе адамнан бейсаналық түрде бас тартуды жүрек айнуы, әлсіздік немесе іштің ауыруы көрсетуі мүмкін.
  • Медитация жасаңыз және тыныс алу жаттығуларымен айналысыңыз. Интуицияның дауысы тым әлсіз болуы мүмкін, сондықтан оны есту үшін ішкі диалогты тоқтату керек.
  • Ақыл-ойды ақпараттық шудан босатуға көмектесу үшін, табиғатта көбірек уақыт өткізіңіз.
  • Болашақта интуицияны күшейтетін басқа да тиімдірек әдістер пайда болуы мүмкін. Мысалы, инвестор Павел Черкашиннің айтуынша, қазірдің өзінде адамның түйсігін сезімталдығын  60% - ға арттыратын имплант бар.