Жазғы демалыс – барлық оқушылардың асыға күтетін мезгілі. Себебі дәл осы кезең – қызықты демалыс, көңілді ойындар мен жаңа таныстықтар уақыты. Ал жазғы демалыс барынша пайдалы өтуі үшін аса ұқыпты болу және қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
1. Жолда жүргенде, қоғамдық көлікті пайдалануда, көпшілік орындарда қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!
2. Тұрмыстық техникаларды, электр және газ құрылғыларын пайдалануда аса мұқият болу маңызды. Теледидар немесе компьютер құрылғыларын қолдануда уақыт режимін ескеріңіз.
3. Табиғат аясында демалған жағдайда: қалада немесе ормандарды мекендерде от жағуға, бейтаныс жидектер мен саңырауқұлақтарды тұтынуға, үлкендердің қадағалауынсыз су қоймаларына түсуге, және балаларға сағат 23:00 кейін көшеде жүруге болмайды.
Өз денсаулығыңызға аса ұқыпты болу қажет. Біз сізге көңілді және қауіпсіз демалыс тілейміз!
Ата–анаға арналған нұсқаулық
Құрметті ата-ана, балаңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты екеніңізді еске саламыз! Жазғы демалыс кезіндегі оқыс оқиғалардың алдын алу үшін келесі мәселелерге назар аударуыңызды сұраймыз:
1. Кәмелеттік жасқа толмаған балаңызды ұзақ уақытқа жалғыз қалдырмай, барынша қадағалаңыз.
2. Балаларыңыздың көлік өтетін жолдарда, құрылыс алаңдарына жақын жерлерде, жертөле немесе осы сынды орындарда ойнауына жол бермеңіз.
3. Саябақтарда немесе қараңғы жерлерде жалғыз жүру қауіпті екенін түсіндіріңіз.
4. Ересектердің қадағалауынсыз су қоймаларында шомылу қатал түрде тыйым салынғанын үйретіңіз.
5. Төтенше жағдай кезінде телефонды қолдану ережелерін түсіндіріңіз. Көмек қажет болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондарын білу керек.
6. Бейтаныс адамдармен диалог құруға, сыйлық алуға болмайтынын түсіндіріңіз.
7. Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа зиян екенін ерте бастан айтыңыз.
8. Балаңыз уақытында оралмаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласыңыз!
Жедел көмек телефондары (тегін)
Өрт қауіпсіздігі - 101
Полиция - 102
Жедел жәрдем - 103
Газ авариялық қызметі - 104
Құтқару қызметі - 112