Баламен көруге болатын 14 фильм

Баламен көруге болатын 14 фильм

Алда демалыс күндер. Бүгінде әрбір екінші отбасы демалыс сайын кинотеатрға баруды әдетке айналдырған. Себебі бұл қолжетімді демалыс түрі, әрі апта сайын жаңа туындыларды тамашалап қайтуға жақсы мүмкіндік. 6 жастан үлкен балалар үшін кинотеатрға барып, мультфильм немесе фильм қызықтап қайту әсіресе қызық.

Алайда, кино туындыны көрген соң оны міндетті түрде баламен талқыға салу одан да маңызды. Әрине, бала, жеткіншекпен кез келген фильмді көру мүмкін емес.

Төменде балаларға, жеткіншектерге арналған фильмдер мен мультфильмдер тізімін ұсынамыз және оны тамашалау кезінде неге баса назар аудару керек, осыған тоқталамыз.

МАҢЫЗДЫ. Фильм туралы баланың пікірін тыңдап, ойын білу керек. 

Туындының мағынасын түсінбей, айтар ойын ұқпай жәй ғана көру – босқа уақыт өткізгенмен бірдей. Баладан «Фильм ұнады ма?» деп сұрап қана қоймай, «Несімен ұнады?», «Қай жерін түсіндің немесе түсінбей қалдың?», «Кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?», «Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?» деген ой талқыға салатын сұрақтар қойған жөн. 

Шын мәнінде, өмірлік тәжірибе беретін, болашақта сабақ болатындай жағдайлар суреттелетін балалар көруге тұрарлық фильмдер баршылық.

МАҢЫЗДЫ. Балаға тәрбиелік маңызы бар туындыларды көрсеткен жөн.

Фильм көру ата-ана мен баланы жақындастырады түрлі тақырыптарға ашылып әңгімелесуге түрткі болады. Балаңыз есейген сайын онымен кино туындыларын тамашалау қызықтырақ бола түседі.

Төменде бала және жасөсіпіріммен бірге тамашалауға болатын туындылар тізімін ұсынамыз.

Мультфильмдер:

«Түн» (Nocturna), 2007, Испания, Франция 

Балаларға арналған шытырман оқиғалы мультфильмнің негізгі ойы «қараңғыдан қорқудың қажеті жоқ». Қорқыныштың барлығы тек біздің ми мен санамызда, қараңғылық ешқандай қауіп тудырмайды дегенге сайып келеді.  Жарқын көріністер мен қызықты кейіпкерлер, ерекше визуалды стильде жасалған туынды сізді өзге әлемге жөнелтіп жібереді. Кейбір ересектерге іш пыстырарлық болып көрінгенімен, әсіресе қараңғыдан қорқып, жарық қосып ұйықтайтын балаларға көрсетуге тұрарлық мульт.

«Теңіз әні» (Song of the Sea), 2014, Ирландия

Достық, отбасы туралы, есею мен бақыт жолындағы құрбандықтар жайлы сиқырға толы оқиға. Мультфильм атмосферасы әлдебір ертегідегідей әсер қалдырады, әр жастағы көрермендерге ұсынылатын туынды. Ирландиялық режиссер Томм Мур қазіргі уақытқа дейін тек екі толықметражды фильм түсірген және оның екеуі де «Оскар» сыйлығына ұсынылған. 

«Шон есімді Қозы» (Shaun the Sheep Movie), 2014, Великобритания, Франция

Бұл мультфильм де «Оскар» сыйлығына ұсынылған, ермексаздан жасалған атақты кейіпкерлер Уоллес пен Громитті ұсынған кино студия жасап шығарған мультфильм.

Онда достық, сыйластық, жәрдемдесу, топтық жұмыстың маңыздылығы жайында сөз қозғалады. Туындының ерекшелігі, диалогсыз кейіпкерлер арасындағы байланыс тек ым-ишараға құрылған. Осы арқылы мультфильмді кішкене бүлдіршіндерге де түсінікті болатындай етіп жасаған.

Кинотеатрларда көрсетіліп жатқан туындылар:

Дамбо / Рейтинг  8.04

Наталья, 31 жаста

Бәрімізге таныс, ескі мультфильмнің экран бетіне қайта түсірілген нұсқасы, меніңше, сәтті шыққан. Әдетте, Дисней мультфильмдері мұңды әрі трагедиялық жайттарға толы болады, сондықтан фильмнің мұңды болуы қалыпты. Қызым бес жаста және оған мультфильм қатты ұнады. Кинотеатрда кейбір балалар тіпті жылап жатты (көбінесе 3-4 жастағылар), өзімнің де көңілім босап кетті. Жалпы, көруге ұсынамын.Берік, 33 жаста

 Берік, 33 жаста

 Меніңше, қатыгез мультфильм. Зорлық, өлім, қылмыс көрсетілген. Киноға сүйемелденген 90% музыка ауыр. Жақсы, көңілді сәт тек фильмнің 5%-ын ғана құраған. Балаларым «Аға пілді неге ұрады, өрт не үшін болды?», «Неге оған күліп жатыр» деген сынды сұрақтар қойды. Мультфильм ересектерге арналған, жасы кіші балалар түсінбей қалады деп ойлаймын.

«Айдаһарды қолға қалай үйрету керек 3» (Как приручить дракона 3) / Рейтинг 8.62

«Айдаһарды қалай қолға үйрету керек» мультфильмінің бірінші бөлімі 2010 жылы, екіншісі 2014 жылы шықты. Бұдан бөлек бірнеше қысқаметражды мульсериалы 2012-2014 жылдар аралығында көрсетілген.

«Үй әулиесі» (Домовой) /Рейтинг 9.09

Ресейлік туынды, кино сайттарында көптеген адамның жақсы пікірлерін жинаған. Бұл оқиға құпияға толы үй жайында. Мұнда әлі ешбір тұрғын ұзақ тұрақтамаған.

Жеткіншектер мен жасөспірімдерге ата-анасымен көруге арналған фильмдер:

  • «Увенің екінші өмірі», Швеция, 2015/ «Вторая жизнь Уве»
  • «Балалық шақ», Германия, 2014/ «Отрочество»
  • «Табиғат балалары», Франция 1998/ «Дети природы»
  • «Бірқазан», Франция, Греция, 2011/ «Пеликан»
  • «Менің отбасым және басқа да жануарлар», 2005/ «Моя семья и другие звери»
  • «Цацики - мәңгілік достар», Швеция, 2005/ «Цацики — друзья навсегда»
  • «Жұмақ түсі», Иран, 1999/ «Цвет рая»
  • «Саммерхил мектебі», Ұлыбритания 2008/ «Школа Саммерхилл»     

Кино туындыға қатысты пікірін бала өз ынтасымен білдіргені жөн. Фильмге қатысты оның ойын білу үшін сұрақтарды тергеу жүргізіп жатқандай емес, қызығушылығын ашатындай қойыңыз, екеуара пікірлесу, ойталқы орнатуды мақсат тұтыңыз.

Автор

Назерке Муса

nazerkeden@gmail.com