«iTest: Үздік нәтиже» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

«iTest: Үздік нәтиже» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

«iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы жалғасуда. Байқау үш кезең бойынша өтеді және әр кезеңнің жеңімпаздары жеке-жеке анықталады.

Байқаудың бірінші кезеңінде ШҚО, Глубокое ауданы, Алтай кентіндегі «Жаңа Ертіс» орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нәр Қуат ең жоғарғы нәтиже – 137 балл жинап, жеңімпаз атанды. Байқау ҰБТ-сында Нәр балл саны бірдей қатысушылармен салыстырғанда уақыт жағынан жылдамырақ болды. Бұл оның көш басына шығып, жеңімпаз атануын қамтамасыз етті. Жеңімпазымыз арнайы сыйлық – смарт-сағатпен марапатталды.

Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар саны 5000-нан асып жығылды, соның ішінде өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысы ерекше белсенділік танытты. 

Байқаудың екінші кезеңі 21 наурыздан басталып, 20 мамырға дейін жалғасады. Айтып өтейік, байқаудың бірінші кезеңіне үлгермей қалған қатысушылар екінші кезеңіне қатыса алады, осылайша басты сыйлығымыз – оқу грантын ұтып алуға мүмкіндіктері ұлғаяды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша бір жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлыққа ие болады.

Қатысушылар үшін басты сыйлық – еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі саналатын Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) ұсынған 10 оқу гранты (тек 11-сынып оқушыларына қатысты) болып отыр. Байқау бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 оқушы бағалы сыйлықтарға ие болады.

Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына орасан зор мүмкіндік беретін бұл байқауды Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырып отыр.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға нәтижелі дайындалуына, соның арқасында еліміздің үздік оқу орындарына грантқа түсуіне қол ұшын беру. «iTest: Үздік нәтиже» байқауы «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында өтуде. Сондай-ақ бұл байқау жастар жылына орайластырылып ұйымдастырылды.

Байқау жайлы толық ақпаратты itest.kz сайтынан білесіздер.

Пікірлер26

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
Айкул Жунисова
Айкул Жунисова
2019-05-22T09:52:22.000000Z
Байқау керемет мүмкіндік береді екен
Гулжазира Сейсембаева
Гулжазира Сейсембаева
2019-05-03T13:10:35.000000Z
Керемет!Құтты болсын!Ұстаздарына шығармашылық табыстар тілеймін!
Тоғжан Қалымбет
Тоғжан Қалымбет
2019-04-16T09:59:01.000000Z
Керемет дүние екен.Көп рахмет!!! Еңбектеріңіз жана берсін!
Лаззат Акжигитова
Лаззат Акжигитова
2019-04-15T09:58:19.000000Z
Байқауға сәттілік тілеймін. Керемет жоба.
Гүлжан Нығыметжанова
Гүлжан Нығыметжанова
2019-04-11T06:25:32.000000Z
Керемет! Жеңіс құтты болсын!
Ұлбосын Есдаулетова
Ұлбосын Есдаулетова
2019-04-10T20:31:15.000000Z
Керемет байқау
Шолпан Усеева
Шолпан Усеева
2019-04-09T05:08:29.000000Z
Жарайсың, Нәр, құтты болсын!
Майдан Турымова
Майдан Турымова
2019-04-09T03:45:14.000000Z
Гулжан Жарайсың! Оқушыларың биік шыңдардан көріне берсін.Қажымай талмай осы жетістікке жетуге сенің үлесің деп білемін.
ПАНУ АХМЕТКАЛИЕВА
ПАНУ АХМЕТКАЛИЕВА
2019-04-09T02:22:46.000000Z
Өте тамаша, оқушыларға грант ұтуға мүмкіндік беретін жоба
Нескен Омарова
Нескен Омарова
2019-04-08T12:29:06.000000Z
Бжұл жобаны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет.Келешекте бұданда жаксы жобалар болады деп кутеміз.