Ұлы тұлғалардың білім жайлы айтқан сөздері

Ұлы тұлғалардың білім жайлы айтқан сөздері

    Білім – өмір жолымызға сәуле түсіретін, көкірек көзімізді ашатын, санамызға жарық жағатын алапат құрал. Бұл – білімге біздің берген бағамыз. Ал, ұлы тұлғалар білім туралы не деді? Оқыңыз.

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы: 

«Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын»

Сократ:

«Тек бір ғана жақсылық бар ол –  білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық»

Фрэнсис Бэкон:

«Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе»

 Аристотель:

«Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде»

 Томас Эдисон:

«Мүсіншіге мәрмәр үйіндісі керек болғандай, адамның жанына да білім қажет»

Лев Толстой:

«Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады»

Марк Твен:

«Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім»

 Георг Гегель:

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады».