Мұғалім парақшасы

Мұғалім парақшасы

Электронды оқыту форматын ұсынатын инновациялық Bilim Media Group компаниясының мақсаты – инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру. Дәл осы мақсатпен барлық жастағы балаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде интерактивті 10 000-нан астам сабақ ұсынатын Bilimland.kz платформасы жасалған болатын.

Мұғалімдердің білім беру саласында АКТ-ны қолдану көрсеткішін арттыру және ұстаздың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру мақсатында Bilim Media Group компаниясы дәстүрлі түрде жыл сайын «Жаңашыл мұғалім» байқауын өткізіп келеді. Байқаудың басты шарты мұғалімдердің кәсібилігі, шығармашылық әлеуетін танытуы және оқыту үдерісінде АКТ-ны оңтайлы пайдалана білуі болып саналады.

10-қаңтарда басталатын “Жаңашыл мұғалім-2017” байқауы қарсаңында біздің сайтымызда “Мұғалім парақшасы” бөлімі ашылды. Бұл бөлімде “Жаңашыл мұғалім-2015” және “Жаңашыл мұғалім-2016” байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары bilimland.kz ресурстарын сабақ барысында қалай қолданғандығы туралы өз тәжірибелерімен бөліседі. Олардың видеосабақтары және сабақ жоспарларымен жаңа бөлімде таныса аласыздар. Bilimland.kz платформасын қолданушы барша құрметті мұғалімдерді сайтымыздың жаңа бөлімінде жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысуға шақырамыз. Жаңа, үздік, бірегей сабақты осы жерден табасыз!

15Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Висола Нишанбаева
Висола Нишанбаева
29 қараша 2018 ж. 21:58
физикаден зертхана жұмыстары видеоси болса керемет болатын еді.
bakhyt oralova
bakhyt oralova
23 қараша 2018 ж. 22:52
Өте керемет! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Имашева Жанылтай
Имашева Жанылтай
20 қараша 2018 ж. 20:06
Ағылшын тілінен презентациялар ашык сабактар болса.
Айгул Саткарова
Айгул Саткарова
19 қараша 2018 ж. 15:13
Тарих пәнінен видеолар мен презентациялар көбірек болса деген ұсынысым бар
Ақбота Матаева
Ақбота МатаеваCайт модераторы
19 қараша 2018 ж. 16:07
Қайырлы күн! Ұсынысыңыз орынды екен. Дегенмен қорымызды толтыруға атсалысып көріңіз. Жақында “Жаңашыл мұғалім-2019” жобасын жарияламақшымыз. Осы жобаға қатысып, тарих пәнінен сабақ жоспары мен видеопрезентациялар жіберсеңіз нұр үстіне нұр болар еді. Бәлкім жеңімпаздар қатарынан көрініп қаларсыз!!!
шолпан аманова
шолпан аманова
19 қараша 2018 ж. 11:39
керемет үлгі сабақтар алуға таптырмас сайт. рахмет!
Гульжан Сазанбаева
Гульжан Сазанбаева
23 қазан 2018 ж. 21:46
Ағылшын тілінен көптеген қызықты видеолар мен презентациялар бар.
Алия Закарьянова
Алия Закарьянова
18 қазан 2018 ж. 7:57
Өте жақсы материалдар!
Алия Закарьянова
Алия Закарьянова
18 қазан 2018 ж. 7:54
Өте жақсы. Еңбектеріңізге сәттілік!
Арген Туребаев
Арген Туребаев
6 маусым 2018 ж. 14:26
Жақсы құрал
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 11:01
Өте керемет. Еңбектеріңіз жана берсін!