Оқытуды қалай қызықты, әрі, тиімді етуге болады?

Оқытуды қалай қызықты, әрі, тиімді етуге болады?

    Оқытуды қалай қызықты, әрі, тиімді етуге болады? Бұл сұрақ сізді де қызықтырса  оқытушыларға арналған 17 кеңеске көз жүгіртіп шығыңыз!

1. Оқытудың тиімділігі оқу материалына байланысты емес. Иә, дұрыс оқыдыңыз! Тиімділік материалдың қалай ұсынылатынына байланысты.

2. Егер адам не істеу керектігін біліп тұрып, әрекет жасамаса, онда оның ықыласы төмен. Қызықты әдістермен оның ынтасын ашу керек. 

3. Оқу процесін қалай жүргізетініңіз оқушылардың мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Жақында ғана қызық зерттеу жүргізілді. Зерттеуде оқушыларды екі топқа бөліп, бірдей тапсырмалар  берілді. Екі топтағы тапсырмалардың айырмашылығы қаріпінде ғана болды. Бірі – қарапайым, бірі – күрделі. Қарапайым қаріппен берілген тапсырмаларды қатысушылар жеңіл орындап, «өте оңай» деген баға берді. Ал, күрделі қаріппен жазылған тапсырманы оқушылар ұзақ уақыт орындап, «тым қиын» дегер баға берді. 

4. Оқушыға мұғалім болуға мүмкіндік беріп көріңіз. Ынтас  бар оқушы, әрине, көп нәрсені өзі үйренеді. Бірақ, егер оқып келген білімін жұрт алдына шығып, бөліссе есінде жақсы сақтайды. Бұл әдіс ғылыми дәлелденген. Әрі, оқушы өзін мұғалім сезінсе, оқуға тереңірек кірісіп, дұрыстап дайындалатын болады. 

5. Өзгеріс бірден бола қоймайды. Ол оқиға емес, процесс. Бірінші түсіндіруден кейін бірден өзгерістерді күтпеңіз. 

6.Оларды сізді жек көруге мәжбүрлемеңіз. Оқу процесін міндеттемеге айналдырмаңыз. Яғни, тыңдаушыларды басынан аяғына дейін тыңдауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Өздеріне қызық тақырыпты таңдауға немесе үйде оқуға ұсынуға болады.

7..Ұзақ түсіндірулер мен пайымдаулардан аулақ болыңыз. Мүмкін, теория сізге өте қызықты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, өзгелер үшін  «іш пыстырарлық» ақпарат болуы да мүмкін.  Өмірлік жағдайлармен тікелей байланыстырып, нақты мысалдар мен қызықты тапсырмалар ұсыну керек. Соңғы кездері ойын арқылы үйрету сәнге айналғанын есіңізге сала кетейін. 

8. Есіңізде болсын, оқыту процессіндегі «қызықты» деген сөз  «тыңдаушылар үшін қызықты» дегенді білдіреді.

9. Қызықты сұрақтар қойыңыз. Егер сіз қойған сұраққа Google көмегімен жауап беруге болатын болса, онда оны қызықты санатқа жатқызуға болмайды. Сұрақтар расымен де қызықты болса,оқушы  ақпаратты тек жадынан шығарып қана қоймай, түсіндіруге, түсінуге талпынады.

10. Оқушыларды барынша елітіп алып кету керек. Қазіргі дамыған заманда ақпарат берудің небір қызықты жолдары бар. Сабақты сұрақпен бастап көрсеңіз болады. Мысалы:
«Неліктен Сатурнның сақиналары бар? Неліктен Күн жүйесіндегі басқа планетада олар жоқ?»

11. Егер оқушылар басқалардың сабаққа кірісіп  кеткенін көрсе, қызығушылықтары оянады. Топқа бөліп, жарыстырып оқыту әдісі сол үшін де кең таралған. 

12.Әртүрлілікті қосыңыз. Презентацияларды, жаттығуларды, медиа түрлерімен беріңіз. Мысалы, Kahoot жүйесін ұсынар едім. Осы қолданба арқылы кез келген жерле оқушылардың білімін өлшейтін конкурстар өткізе аласыз. 

13.Контекст, контекст және тағы бір контекст. Оқу процесінде тыңдаушыларға материалды жақсы есте сақтауға мүмкіндік беретін контекстік түсініктер жасау пайдалы.

14.Әңгіме айтыңыз. Тыңдаушылар қызықты оқиғаларды, әсіресе оларда күшті эмоциялар тудырған оқиғаларды есте тез  сақтайды. 

15.Әрқашан оқыту процесінде жаңа нәрсені байқап көруге тырысыңыз. Біздің заманның талабы – жаңашылдық!

16.Әзіл!

17. Марапаттау. Қатысушылар күткен және күтпеген марапаттарға ие болса, оқуға құлшынысы арта түседі.