Периодтық кесте

Периодтық кесте

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің тарихына үңіліп көрейік. 1869 жылы периодтық заң ашылады. Осы периодтық заңның графикалық бейнеленуінің нәтижесінде осы кесте пайда болады. Оның алғашқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған. 

Периодтық жүйенің қазіргі кездегі нұсқасында элементтер екіөлшемді кестеге жинақталған. Периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Элементтердің нөмерін реттік немесе атомдық нөмер деп атайды. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип – барлық элементтердегі периодтар мен топтарға бөліп орналастыру. Әр топ өз кезегіндегі негізгі (а) және қосымша (б) топшаларға бөлінеді. Топшалардағы элементтер өзара химиялық қасиеттері жағынан өте ұқсас.

Алғашқы кестеде Менделеев әлі ашылмаған бірнеше элементтер бар екенін болжап, оларға кестеде тиісті орын қалдырады, кейбір қасиеттерін күні бұрын айтып берді. Осылай болжанған кейбір элементтердің қай кездері ашылғанына назар аударыңыздар:

  • галлий Ga – 1875 ж. француз химигі П.Лекок де Буабордан ашқан
  • скандий Sc – швед ғалымы Л.Нильсон 1879 жылы ашқан
  • германий Ge – 1886 ж. неміс ғалымы К.Винклир ашқан

Сонымен қатар Менделеев марганецке (қазіргі технеций Тс және рений Re), теллурге (полоний Ро), йодқа (астат At), цезийге (франций Fr), барийге (радий Ra), танталға (протактиний Ра) ұқсас элементтердің бар екенін айтқан.

 

Периодттық кестеCіздерге ұсынып жүрген онлайн ресурстарымызда Периодтық кестеге байланысты шағын видеоларды таба аласыздар. Суретте көріп тұрғандарыңыздай Периодтық кесте бөлімі Бейметалдар, Металдар және Элементтердің ашылуы тарауларынан тұрады. Олар өз кезегінде әртүрлі тақырыптағы видеоларды топтастырады.

 

    Бейметалдар                                                              Металдар

Бейметалдар  Металдар

 

Элементтердің ашылуы

Элементтердің ашылуы


  Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты