Әрбір жас мұғалімнің бойындағы қорқыныштар

Әрбір жас мұғалімнің бойындағы қорқыныштар

    Әрбір жас мұғалімнің бойындағы сан түрлі қорқыныш болары хақ. Егер сондай қорқыныш сізде де бар болса, жазбаға көз жүгіртіп шығыңыз. 

«Оқушылардың сұрақтарына жауап бере алмай қалсам қайтемін?»

    Білімге деген қызығушылығы мол, тапқыр оқушылар кейде тосын сұрақтар қоюы мүмкін.  Мұндай кезде «Келесі сабаққа дейін жауабын тауып келемін» деп айтуға ұялмаңыз. 

«Жоспардан қалып қойсам ше?»

    Оқушылар үшін еңбектенетініңізді ұмытпаңыз. Егер, оқушылар тақырыптан  жетік меңгермей, қалып бара жатса, асықпаған дұрыс. Тағы бір сабақты сол тақырыпқа арнаңыз. Қалып қойған жоспарға жетіп алуға болады.

«Менен жасы үлкен адамдарға жаңа идеялар қалай ұсынамын? »

    Жыл санап жаңа технологиялар мен методикалар өріс алып жатыр. Жаңашылдық – біздің заманның басты талабына айналған. Сізден жасы үлкен мұғалімдер сіздің көмегіңізге, тіпті, қуануы мүмкін. Ал, тыңдағысы келмейтін адамдарға Дейл Карнегидің әдісін қолданып көрсеңіз болады.

«Оқушылар мені тыңдамайды»

    Егер сіз осы  мәселеге тап болсаңыз,  сабағыңызда Bilimland, OnlineMektep, Twig bilim ресурстарын қолданып көріңіз. Бұл ресурстар жаңа материалды түсіндіруді қызықты және интерактивті етеді. 

    Ең бастысы, барлығы тәжірбие арқылы келетінін ұмытпаңыз. Ешбір адам сөйлеуді, жүруді, тіпті, ана тілін де туа сала білген жоқ. Сіз әлі жолдың басында тұрсыз.  Сондықтан, өзіңізге тым қатал болмаңызшы.