Сэр Уинстон Черчилль – тек британдық емес, әлемдік тарихтағы ұлы саясаткерлердің бірі. Бірнеше соғысқа қатысқан ол парламентте жалғыз өзі Екінші Дүниежүзілік соғыстағы герман фашистеріне қарсы тойтарыс беру қажеттілігін талап ете алды. Өзінің бірбеткейлігімен отандастарының сеніміне кіріп, нәтижесінде Британия төтеп берді.
Премьер-министрдің тілі өткір еді, оның кезінде айтқан сөздері көптеген саясаткерлердің қолданысында жүр. Сонымен, қадамын нақты пайымдай алатын тұлғаның бірқатар өсиетін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Сәттілік – ынтаны жоғалтпай, бір сәтсіздіктен екінші сәтсіздікке қадам жасай алу мүмкіндігі.
2. Бақыт пен денсаулық тілемеңіз, сәттілік тілеңіз. «Титаник» жолаушыларының барлығы бай-қуатты болды, ал жолы болғыштары бірнешеу ғана.
3. Пессимист - әр мүмкіндіктен қиындықты көреді, ал оптимист - әр қиындықтан мүмкіндік көреді.
4. Мектептің білім берумен еш байланысы жоқ. Ол балалардың қарым-қатынас жасауын бақылайтын институт.
5. Мен доңыздарды жақсы көремін. Иттер бізге төменнен жоғары қарай, ал мысықтар жоғарыдан төмен қарай қарайды. Тек доңыздар бізді тең көреді.
6. Саясаткер ертең және арғы күні не боларын болжай алу керек. Ал кейін оның не себепті болмағанын түсіндіре алуы керек.
7. Артқы жағынан қара мата ұстап тұратын адам табылмайынша, ешқандай да жұлдыз жарқырай алмайды.
8. Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.
9. Менен «Не үшін күресіп жатырмыз?» деп жиі сұрайды. Менің жауабым: «Күресіп болғаннан кейін білесіңдер».
10. Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы, демек өміріңде қандай да бір пікіріңді қорғап қалған екенсің.
11. Тозақтың жолымен жүріп келе жатсаң, тоқтама.
12. Біздің өміріміз – біржақты қозғалыстағы жол секілді. Сол себепті өз бұрылысыңды өткізіп алмау маңызды, себебі кері қарай жол жоқ.
13. Қажетті жағдайды қолдана білу аздық етеді, оны қолдан жасай білу де керек.
14. Сұңқар желдің ағынымен емес, желге қарсы биік ұшады.
15. Өмір атты соғыс алаңында бір секунд та жоғалтпай, бірден өз орныңа табан тіре.
16. Мен – оптимистпін. Басқа біреу болудың маңызын көріп тұрған жоқпын.
17. Кез келген адам өмірінде өзінің «ұлы мүмкіндігіне» шалынып көрген. Алайда көбі орнынан тұрып, үстін бір қағып, ештеңе болмағандай ары қарай жүре алды.
18. Әрбір үрген итке тас лақтыру үшін тоқтай беретін болсаңыз, ешқашан діттеген орныңызға жетпейсіз.
19. Өткен мен бүгінді жанжалдастырып жүріп, біз болашақты жоғалтқанымызды байқамай қаламыз.
20. Ақылды адам барлық қателікті өзі жасамайды, ол басқаларға қателік жасауға мүмкіндік береді.
21. Нәтижесінен сабақ алатын қателіктер жіберген адамның артықшылығы көп болады.
22. Адам баласы – теңіз дауылындағы кеме іспетті. Компас сынып, карта ескіріп, капитан борттан шет қалғанда, матростар кезекпен оның орнын ауыстыруға мәжбүр. Тек штурвалдың әр бұрылысын тек командамен емес, палубадағы көбейіп жатқан жолаушылармен де ақылдасу керек.
23. Мен қашан да үйренуге дайынмын, бірақ маған үйреткен кездер өте сирек ұнайды.
24. Өмірдің ең ұлы сабағы – жынды да кейде дұрыс нәрсе айтатынында.
25. Ер жүректілік – тек тұрып, өз пікіріңді білдіру емес, отырып тыңдай білуде.
26. Сәттілік – біржолата емес. Жеңіліс – пешенеге жазылмаған. Тек жалғастыра беру маңызды.
27. Біз алғанымызбен өмірге ақша табамыз, бергенімізбен өмір сүреміз.
90 жасында сэр Черчилль инсультке душар болды. Ол өз елі тарихындағы мемлекеттік деңгейдегі сый-құрмет рәсімімен жерленген корольдік отбасынан шықпаған 11 британдықтың бірі.