Bilimland.kz «Үздік сабақ жоспары 2017 – сайт қолданушыларының таңдауы» аталымы жеңімпазын сайт қолданушыларының таңдауы бойынша қорытындылады. Бұл аталымға алдыңғы жылдардағы «Жаңашыл мұғалім» байқауларына қатысқан педагогтардың «Мұғалім парақшасында» жарияланған сабақ және тәрбие сағаты жоспарлары қатыстырылды.
Сайт қолданушылары өздеріне ұнаған сабақ және сынып сағаттарының жоспарларына «лайк» басу арқылы дауыс беріп, әріптестерін қолдап, бір-бірінің жұмыстарын бағалады. Ең көп «лайк» жинаған Алматы қаласынан физика пәні мұғалімі – Сейдаз Талғат Мұратұлы. Сабақ тақырыбы: Жылу алмасудың түрлері. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәулелену.
Жүлде: электроника дүкеніне 100 000 теңгелік сертификат және диплом.
8-cынып физика пәні бойынша сабақ жоспарында мұғалім АКТ-ны сабақта тиімді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін bilimland.kz, itest.kz ресурстарымен оңтайлы ұштастыра білген.
Bilimland.kz келесі жылы «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауына қатысушылардың үздік сабақ жоспарларын сайтта жариялауды бастайды. Сайт қолданушыларына әріптестерін қолдауда белсенділік көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз және дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысуға шақырамыз. Байқау талаптарымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bilimland.kz/kk/contests/zhangashyl-mugalim-2018-bayqauy