Ыбырай Алтынсаринның нақыл сөздері

Ыбырай Алтынсаринның нақыл сөздері

    Ыбырай Алтынсарин – қазақтың  көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Қазақ даласына алғаш рет мектеп ашқан қоғам  қайраткерінің нақыл сөздерін ұсынамыз.
 

  1. «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер»
  2. «Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады»
  3. «Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі»
  4. «Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады»
  5. «Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек»
  6. «Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде»
  7. «Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс»
  8. «Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады»
  9. «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз»
  10. «Байлық — қанағат пен еңбекте»
  11. «Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған»
  12. «Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді»
  13. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»
  14. «Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың»
  15. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»