АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану

АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану

11-сынып  оқушылары мен ата-аналар үшін маңызды кезең, алда үлкен сынақ – ҰБТ тапсыру күтіп тұр. ҰБТ әрбір оқушыдан білім мен еңбекті талап етеді. Дәл осы сынаққа мұқият дайындалу және сүрінбей өту үшін Bilim Media Group iTest электронды жаттықтырғышын ұсынады.

iTest.kz оқушылардың ҰБТ мен ТКТ-ны нәтижелі тапсыруларына таптырмас көмекші құрал бола алады. Басты мақсат – оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мұғалімдерге көмек көрсету және оқушылардың өздеріне кез келген жерде, кез келген құрылғы арқылы сапалы дайындалуларына мүмкіндік беру.

Биылғы «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бір аталымы «АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану» деп аталуының басты себебінің бірі түлектерге қолдау көрсету болды. Осы аталым бойынша жеңімпаз болып тарих пәнінің мұғалімі және бітіруші 11-сынып жетекшісі Ниязбекова Айгүл Иманбекқызы танылды. 

 

Ниязбекова Айгүл Иманбекқызы
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі
Астана қаласы
Мектеп: №75 гимназия
Пәні: тарих

Бұл сабақ тәуелсіз комиссия мүшелері тарапынан оң бағасын алды. Тәуелсіз комиссия сарапшыларының бірі, Ұлттық тестілеу орталығының тест құрастырушысы, әдіскер-мұғалім Алтай Махмұдұлы: «Ұстаз сабақтың әр кезеңінде АКТ-ны ұтымды қолдана білді. iTest электронды жаттықтырғышын сабақта, факультатив сабақтарда, олимпиадаларға дайындық кезінде тиімді пайдаланды. ҰБТ-ға дайындалуда АКТ-ның орны ерекше және электронды жаттықтырғышты оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, оңтайлы қолдануға болатынын көрсете алды» деп баға берді.

Жеңімпазды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Похожие статьи

Байқаудың қосымша аталымдары - Bilimland.kz Байқаудың қосымша аталымдары
14.06.2017
Сабақтағы АКТ. Жеңімпаздар - Bilimland.kz Сабақтағы АКТ. Жеңімпаздар
07.06.2017
Тәрбие жұмысындағы АКТ. Жеңімпаздар - Bilimland.kz Тәрбие жұмысындағы АКТ. Жеңімпаздар
30.05.2017