«Аstana Bilim Lab» ресурстық орталығындағы ашық есік күндері

«Аstana Bilim Lab» ресурстық орталығындағы ашық есік күндері

2019 жылдың 11 ақпаны күні Астана қаласында ауқымды шара бастау алды – «Цифрлы Қазақстан: білім және нәтиже» тақырыбы аясында ұйымдастырылған «Аstana Bilim Lab» ресурстық орталығындағы ашық есік күндері.

Аталған шараның мақсаты – мектеп мұғалімдеріне цифрлық технологиялар мен электронды білім беру ресурстарының көмегімен ашық сабақ өткізуіне жол ашу. Кез келген мұғалімнің оқушылармен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсете отырып, орталықта ашық сабақ өткізуіне мүмкіндігі бар.


Мәселен, шараның алғашқы күні № 64 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Миниязова Гульвира Жанғабыловна 7-сынып оқушыларына «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқушылардың бірінің айтуынша, iTest платформасын қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ қателермен тыңғылықты түрде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің сөзінше, Bilimland ресурстары материалдарының оқушыларға берер пайдасы зор әрі мұғалімдерге де қолайлы, себебі сабақтың уақытын әрі сабаққа дайындық барысында уақытты үнемдейді және АКТ-құзыреттілігін арттырады.
Ашық сабақ форматындағы іс-шара 20 ақпанға дейін жалғасын табады.


 

2Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
даргуль акбаева
даргуль акбаева
13 ақпан 2019 ж. 22:50
I Test-ке күнделікті кіріп өзіміздің білім деңгейімізді тексеріп отырамыз. Рахмет!
Гульнар Жукенова
Гульнар Жукенова
13 ақпан 2019 ж. 9:59
өте тамаша, керемет сабақ өткені оқушылардың берген кері байланысынан көруге болады. Тек сәттілік, №64 мектеп-лицей оқушыларының білімі bilimland -пен арта берсін!