Қазақстандағы қашықтан оқыту қалай жүзеге асты?

Қазақстандағы қашықтан оқыту қалай жүзеге асты?

Пандемияға байланысты карантин жағдайы енгізілгеннен кейін барлық білім беру саласына қатысушылардың алдында тек қана бір сұрақ тұрды: “Қашықтан оқыту қалай болмақ?”. Орта білім беру мекемелері сан алуан әдістер мен технологияларды қолдану туралы нұсқаулықтар жүргізе бастады. Электронды оқыту нарығында жетекші компаниялардың бірі ретінде біздің ұжымның мұндай қиын тұста шетте қалуы мүмкін емес еді және қалмады да. Біздің ұжымдағы мамандардың алдында өте маңызды миссия тұрды: уақыт тығыздығына қарамастан қашықтан оқытуға арналған контент, яғни IV тоқсанның негізгі пәндері бойынша бейнесабақтар мен тапсырмалар жиынтығын әзірлеп шығару.

Төтенше жағдайға қарамастан еліміздегі білім беру саласының ақсаңдап қалмай, керісінше, жаңа бір сатыға көтерілуіне септігін тигізді десек те артық айтқанымыз емес. Тоқсанның басында көптеген шағымдар мен келіспеушіліктер туындағанымен, қазір біз қашықтықтан оқытудың күтілген нәтижеден өте жоғары өткендігін көреміз. Тіпті, оқыту барысында әлемдік сарапшылар тарапынан бағалау мен пікірлер де түсіп жатты.

 Екі ай ішінде 8 студияда бейнесабақтардың түсірілу процессінің ұйымдастырылуы туралы барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да дереккөздерде жиі айтылып отырды. Алайда, түсірілім процессінің қыр-сырын “қайнап жатқан қазанның қақ ортасында жүрген” қатысшылардан артық ешкім біле қоймас. Олай болса, қашықтан оқытуды ұйымдастырудың қиындықтары мен қызықты оқиғалары туралы әзірленген кішігірім бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз.