imektep.kz - «Балаларға базарлық»  аталымындағы ең үздік балаларға арналған сайт

 imektep.kz - «Балаларға базарлық»  аталымындағы ең үздік балаларға арналған сайт

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ең үздік қазақтілді интернет сайт байқауы 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл республиканың әр аймағынан 30-ға жуық үміткер үздік сайт атағы үшін бақ сынасты. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды.

Марапаттау рәсімінің ашылуында Әлкей Марғұланұлы: «Осы байқауды ұйымдастыра отырып, біз мемлекеттік тілдің дамуын, оның ішінде интернеттегі  дамуын қолдаймыз және қазақ тілді сайттардың қызметін ынталандырамыз. Байқауға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқанына қуаныштымын», – деп атап өтті.

«Өткір тіл» аталымы бойынша https://qalamger.kz/ сайты жеңімпаз атанды.

«Рухани азық» аталымындағы ең  үздік сайт марапатына http://madeniportal.kz/  сайты ие болды.

https://dasturkb.kz/ сайты «Терең ізденіс» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Arasha.kz сайты «Шынайы өмір» аталымында үздік деп бағаланды.

«Спорт тынысы» аталымы бойынша ең үздік сайт –  http://qsport.kz/.

«Білім бұлағы» аталымы бойынша  жүлде http://ozattar.kz/ сайтына берілді.

«Жастар әлемі»  аталымы бойынша http://balbal.kz/ сайты  жеңімпаз атанды.

«Балаларға базарлық»  аталымындағы ең үздік балаларға арналған сайт марапаты  https://imektep.kz/kz  порталына берілді.

«Ойын сауық» аталымы бойынша  жүлде https://kinostan.kz сайтына берілді.

Байқау жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының дипломымен,  385 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан электронды ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып, аудиторияны қазақ тілінде ақпараттандыратын отандық сайттардың рөлін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткізілген үш байқаудың қорытындысы бойынша республиканың 25 қазақтілді сайты жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлыққа ие болған. 

Толығырақ: presidentfoundation.kz

Пікірлер26

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
Акбота Жапаркулова
Акбота Жапаркулова
2020-03-11T03:48:20.000000Z
imektepkz сайтынан да неге байқау ұйымдастырмайсыздар Оқушыларға немесе бастауыш сынып мұғалімдеріне болса
Татьяна Сарсенова
Татьяна Сарсенова
2020-03-11T11:15:11.000000Z
Ұсынысыңызға рақмет!
ГУЛЖАН САПИНА
ГУЛЖАН САПИНА
2020-02-20T06:44:23.000000Z
керемет көмектеседі. қалаған материялды табасын.
Айгерим Канапиянова
Айгерим Канапиянова
2020-02-16T12:16:17.000000Z
Өте жақсы сайт, Әрі көмекші
Шолпан Иманкулова
Шолпан Иманкулова
2020-02-14T15:32:01.000000Z
тамаша екен
Алия Аймуганбет
Алия Аймуганбет
2020-02-11T09:14:24.000000Z
Жарайсыздар!Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Гулмира Есмаханова
Гулмира Есмаханова
2020-02-10T14:58:09.000000Z
жұмыстарыңызға сәттілік!
Ботогоз Асанова
Ботогоз Асанова
2020-02-03T12:04:17.000000Z
Жұмысты жеңілдету әрі сабақты қызықты етіп өткізу мақсатында ұйымдастырылған керемет сайт!
қаным Тұрмағанбетова
қаным Тұрмағанбетова
2020-02-03T05:07:52.000000Z
Тапсырмалары өте керемет!
Gulsinai Abzhanova
Gulsinai Abzhanova
2020-02-03T02:50:19.000000Z
Сәттілік!
Нурбиби Хамзиевна Изтелеуова
Нурбиби Хамзиевна Изтелеуова
2020-01-28T07:06:13.000000Z
Еңбегіңің жемісін көріңіз!