Педагогтерге арналған семинар өткізудің жаңа мүмкіндіктері

Педагогтерге арналған семинар өткізудің жаңа мүмкіндіктері

2019 жылы 23 қарашада «№32 мектеп-гимназия» КММ базасында орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып сабақтарында жаңа тақырыпты BilimLand.kz платформасының ресурстарын пайдаланып түсіндірудің белсенді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Шараға қала мұғалімдері мен жас мамандар, Білім беруді жаңғырту орталығының маманы, Нұр-Сұлтан қаласы Педагогтер қауымдастығы басшысы, «Жас ұстаз» орталығы бөлімінің меңгерушісі - Алишева Эльмира Серікқызы, орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының төрағасы - Раш Шерезада Мұхтарқызы және «Bilim Media Group» әдіскері - Бақтығалиева Эльмира Сағынғалиқызы шақырылды.

Семинар бағдарламасына сәйкес 6 сабақ және рефлексия өткізілді. Қатысушылардың назарына «Bilimland.kz» білім беру платформасының ресурстарын пайдалануға негізделген педагогикалық белсенді оқыту әдістері қолдану ұсынылды. Өткізілген сабақтарды педагог әріптестер жоғары бағалады.

Сабақтан кейін рефлексивті тренинг кері байланыс түрінде өтті. Семинар қатысушылары қатысқан сабақтарына ұсыныстарын айтып, семинар ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ризашылықтарын білдірді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Семинарды орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының төрағасы Ш.Раш жас мамандар мен семинар қатысушыларына кәсіби тілегімен аяқтады.