“Үздік БЖБ/ТЖБ” байқауы өз мәресіне жетті

“Үздік БЖБ/ТЖБ” байқауы өз мәресіне жетті

Естеріңізде болса, өткен тоқсанда біз Online Mektep платформасының мұғалімдеріне арналған «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауын ұйымдастырған болатынбыз. 2020 жылдың 5 қарашасында байқаудың қорытындысы шығарылды. Әр өңір бойынша БЖБ әзірлеген 15 жеңімпаз мұғалім және бүкіл Қазақстан бойынша ТЖБ әзірлеген 2 жеңімпаз мұғалім анықталды. Сондай-ақ, байқау аясында 100-ден астам жүктелім жинаған 848 мұғалімге электронды сертификаттар берілді.

Байқаудың негізгі мақсаты  —  оқушылардың білімін жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуы және бөлісуі. Байқауға Қазақстандағы орта білім беретін педагогтер қатысқан болатын. Байқау жеңімпаздарына Дипломдар мен планшеттер жеткізілді және бізді кері байланыспен қуантты. 

Байқау жеңімпаздары:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - Ауғанбай Серік Дүйсенбекұлы

  • Шымкент қаласы - Нұржігітова Гүлраушан Садирқызы

  • Павлодар облысы - Сыздыкова Айнур 

  • Алматы қаласы - Айнабекова Айдана Әбілахатқызы

  • Ақтөбе облысы - Бозшин Бекболат Жағалбайлыұлы 

  • Ақмола облысы - Оразалина Балжан Каиркельдинқызы

  • Алматы облысы - Адилханов Олжас  

  • Атырау облысы - Жұмабаев Сұлтан Сағындықұлы

  • Маңғыстау облысы - Қожахметова Нұржамал Серікқызы

  • Қызылорда облысы - Төлемісов Дүзелбек Маратбекұлы

  • Батыс Қазақстан облысы - Алибекова Айжан

  • Алматы облысы - Бухарбаева Динара Ермурзақызы

  • Шығыс Қазақстан облысы - Абишев Нурсултан Алдашевич  Қостанай облысы - Смагулова Гульжазира Гинятқызы

  • Түркістан облысы - Садыков Жохангир Абдухакимұлы

  • Солтүстік Қазақстан облысы - Аитеев Даурен Кельденұлы

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!