“Үздік мұғалім Online Mektep” байқауы өз мәресіне жетті

“Үздік мұғалім Online Mektep” байқауы өз мәресіне жетті

«Online Mektep» жобасы аясында мұғалімдерді қолдау және ынталандыру мақсатында 5 – 18 мамыр аралығында Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен өткізілген “Үздік мұғалім Online Mektep” байқауы өз мәресіне жетті.
 
Жүлде қоры 500 000 теңгені құрайтын байқауға Қазақстан Республикасының барлық мектептерінен 1000-нан астам мұғалімдер қатысты. 
 
Байқау шартына сәйкес жаңашыл мұғалімдердің қашықтан оқыту кезінде оқушылардың үлгерімін жақсарту және бағалау процессін тиімді ұйымдастыру арқылы үздік атанған 5 мұғалім жеңімпаз атанды:
 

  • Ерік Серікбай Ниязбекұлы - Қостанай облысы, Рудный қаласы, Бейімбет Майлин атындағы №7  мектеп-гимназиясының мұғалімі;
  • Тоқбергенова Айгерім Қайроллақызы - Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №7  қазақ орта мектебінің мұғалімі; 
  • Мусалимова Жанар Даулетбекқызы - Нұр-Сұлтан қаласы, Т. Айбергенов атындағы №16 мектептің мұғалімі;  
  • Сүгірова Айман Жұбанышқызы - Нұр-Сұлтан қаласы, Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп лицейінің мұғалімі;
  • Ақбала Тойчибекова Зұлпықарқызы - Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп- лицейінің мұғалімі. 

 

Төтенше жағдайға қарамастан, тың форматтағы білім беру жүйесіне тез бейімделіп, ұлт болашағы үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз үшін алғыс айта отырып, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!