«ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

«ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – 2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

2022 жылғы 7 қарашада шығармашыл әрі жаңашыл ұстаздарға арналған республикалық «Жаңашыл мұғалім-2023» байқауы басталады. Байқаудың мақсаты – білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытып, қолданысқа енгізіп жүрген мұғалімдерге қолдау көрсету және олардың әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру.

Байқаудың басты шарты – оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру мен тәрбиелеуде BilimLand ресурстарын ұтымды қолдана білу.

Байқаудың жүлде қоры 2 000 000 теңге.

Байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш, орта білім беретін, сондай-ақ арнайы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері қатысады. 

Байқау 2 кезеңнен тұрады және төмендегі аталымдар бойынша өтеді:

  • «Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Жеңімпаздар оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында ресми түрде марапатталады, сондай-ақ олардың аты-жөндері сайттағы (bilimland.kz) блогымызда жарияланады. 

BilimLand.kz білім беру платформасын белсенді пайдаланатын білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқау туралы жаңалықтарды bilimland.kz bilimustaz.kz, bilimland.kz, onlinemektep.kzbilimkids.kz сайттарынан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Ұқсас мақалалар

«Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы - Bilimland.kz «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» номинациясы
15.06.2023
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы - Bilimland.kz «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» номинациясы
14.06.2023
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы - Bilimland.kz «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» номинациясы
13.06.2023