«Жаңашыл мұғалім 2021-2022» байқауының басталуы

«Жаңашыл мұғалім 2021-2022» байқауының басталуы

Bilim Land цифрлық білім беру платформасы ұйымдастыратын «Жаңашыл мұғалім» республикалық байқауы 2015 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

Байқауға бастауыш, орта, арнайы орта және инклюзивті білім беру мекемелерінің 6 000-нан астам педагогі қатысып үлгерді. Байқаудың мақсаты – мұғалім тәжірибесінде цифрлық ресурстарды қолданудың озық үлгілерін анықтау.

Осы 2021 – 2022 оқу жылында байқау 2021 жылғы 22 қазанда басталып, 2022 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Дәстүр бойынша, байқау екі кезеңде, онлайн өтеді (биыл 1-кезең: 22.10.2021 – 31.12.2021, 2-кезең: 17.01.2022 – 17.04.2022), ал марапаттау офлайн өтеді.

Байқаудың жаңалығы – аталымдардың цифрландыру жағдайындағы заманауи білім беру сұраныстарына сай өзгеруі:

«Білім беруді цифрландыру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар»;

- «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту»;

- «Цифрлық білім беру ортасы жағдайындағы оқушылардың жобалау қызметі»;

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту».

Байқаудың жүлде қоры әр аталымға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгені құрайды.  Бұдан басқа, екінші кезеңге өткен және екінші кезеңнің жұмыстарын байқау талаптарына сай жолдаған барлық қатысушы финалистердің электрондық үлгідегі Сертификаттарына ие болады. 

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды. Байқау қорытындысы 2022 жылғы 25 мамырға дейін шығарылып, bilimustaz.kz, OnlineMektep.org, bilimland.kz сайттары мен Facebook (@BILIM Land) және Instagram (@bilimland.kz) әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Байқау шарттарымен толығырақ танысу үшін келесі сілтемені басыңыз:

https://onlinemektep.org/contest/list/c1862372-234f-4d5c-946a-67770ea4e267/1

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласының барлық педагогін байқауға қатысуға шақырамыз!

Call center: +77079449595, support@bilimland.com