«Жаңашыл мұғалім 2016»

«Жаңашыл мұғалім 2016»

Елімізде жыл сайын 1 қыргүйек күні кәсіби мереке – Білім күні аталып өтіледі. Күз маусымының бірінші күні аталып өтілетін бұл мереке өз атауына қазақстандық бүкіл мектептерде, сондай-ақ орта және жоғары білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылының басталуына байланысты ие болған.

Білім күні – оқушылар, студенттер, олардың ата-аналары, мұғалімдер мен оқытушылар үшін зор толқыныс тудыратын есте қаларлықтай мереке.

Bilimland командасы оқушыларды, студенттерді, ұстаздар мен білім саласындағы барша қызметкерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды! Біз барлық білім алушылардың ғылымның негіздерін жете түсініп, таным көкжиегін кеңейтіп, білімнің жаңа бастауларына жете беруіне тілектеспіз. Шәкірттерін талмай жетектеп, білім белестерін бағындыруына септесін болған ұстаздар қауымына білімгерлерге шуағын төккен мейірім мен бекем денсаулық, қажымас қайрат пен шығармашылық толағай табыстар тілейміз.

Кәсіби біліктілік биігіне жете беруіне тілектестік ниетімізді білдіре отырып, Bilim Media Group компаниясының еліміздегі барлық педагогтар үшін «Жаңашыл мұғалім 2016» байқауын ұйымдастырғалы отырғандығын хабарлаймыз. Компания тарапынан дәстүрлі игі іс ретінде қалыптастырылып отырған «Жаңашыл мұғалім» байқауы осы жылдың, 2015 жылдың көктемінде ұйымдастырылған болатын. Оған еліміздің әр аумағынан 400-дей педагог қатысты. Оның ішінде 12 мұғалім үш аталым бойынша: «Үздік видео», «Үздік презентация» және «Үздік сабақ жоспары» аталымдары бойынша жеңімпаз деп танылды.

«Жаңашыл мұғалім 2016» байқауы 2015 жылдың 2 қазанында басталады. Байқау екі кезеңнен тұрады.

Байқаудың жүлде қоры - 1 000 000 тенге.

Конкурстың басты шарты – педагогтің кәсіби, шығармашылық әлеуетін танытып, BilimLand.kz ресурстарын сабақ беру барысында тиімді қолдануы болып саналады.

Біз BilimLand.kz білім беретін порталын қолданушыларды, ғұмырын тәрбие және білім беру ісімен байланыстырған барша қауымды «Жаңашыл мұғалім 2016» байқауына қатысуға шақырамыз.

Байқаудың өткізілу тәртібі мен талаптары жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін біздің сайтымыздағы жаңалықтардан хабардар болыңыздар.

https://bilimland.kz/kk 


 Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурсы үйлестірушісі

Ұқсас мақалалар

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауы - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауы
15.12.2016
Жеңімпазды марапаттау - Bilimland.kz Жеңімпазды марапаттау
25.05.2016
«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары - Bilimland.kz «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары
10.04.2016