Жиындардың қиылысуы және бірігуі
Жиындардың қиылысуы және бірігуі
| Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: | 5.4.1.2 жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу; 5.4.1.3 берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу;нәтижесін ∪,∩ символдарын қолданып жазу;
|
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: жиындардың қиылысуы мен бірігуін таба алады, ∪,∩ символдарымен белгілей алады. Көптеген оқушылар: Жиындардың бірігуі мен қиылысуын Эйлер-Венн диаграммалары арқылы кескіндей алады. Кейбір оқушылар: бірнеше жиындардың қиылысуын және бірігуін таба алады, кескіндей алады. |
| Ойлау дағдыларының деңгейі: | Білу, түсіну, қолдану |
| Бағалау критерийі | - жиындардың қиылысуы және бірігуін анықтайды; -жиындардың бірігуі мен қиылысуын кескіндейді; - бірнеше жиындардың қиылысуы және бірігуін табады. |
| Тілдік мақсаттар | - , , символдарының қолданылуын түсіндіре алады; - жиынның элементтерін атай алады; - жиынның суреттеу тәсілі арқылы берілуін сипаттайды; - қандай да бір жиындардың бірігуі мен қиылысуынан пайда болған жиынның құрамын түсіндіре алады; Бөлім бойынша лексика және терминология: жиынның элементі; - бос жиын; - жиындардың қиылысуы, бірігуі; -Элеметтер саны; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - А және В жиындарының қиылысуы деп ... -А және В жиындарының бірігуі деп ... - ... А және В жиындарының ортақ элементі болып табылады; - А жиыны … элементтерінен тұрады. |
| Құндылықтарға баулу | Зайырлы қоғам және жоғары руханият |
| Пәнаралық байланыс | жаратылыстану, бейнелеу өнері, биология |
| Алдыңғы білім | 5.4.1.4 ішкі жиын ұғымын меңгеру; 5.4.1.5 жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар); |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы (5 мин) |
-Тренинг: «Атомдар мен молекулалар» Мақсаты: шоғырлану, жағымды ахуал қалыптастыру. «Қос шеңбер» әдісімен үй тапсырмасын, алдыңғы тақырыпты пысықтаймын(бір-біріне сұрақ қояды,жауап береді) ішкі шеңбер мүшелері сағат тілі бағытымен орын ауыстырады. Дескриптор: -Ішкі жиынды құра біледі; -Жиындар арасындағы қатынасты сипаттай алады. Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» Оқушылар үлкен шеңберге таралады; «мозайка» әдісімен үш топқа , , бөлінеді. |
Қима қағаздар-пазлдар |
|
Сабақтың ортасы (6-35 мин) |
-Оқушыларға ой қозғауға, тапқырлығы мен жылдам ойлау дәрежесін байқау мақсатында тапсырма беріледі:
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады, мақсат қояды. «Түртіп алу» әдісі - Оқушылар жаңа сабақ бойынша мәліметті кітаптан оқып танысады. -Бейне көрсетілім:
-Оқушылар тыңдайды , жиындардың қиылысуы мен бірігуіндегі элементтер санын нақтылайды. Дескриптор: -Жиындардың қиылысуын, бірігуін біледі; -, символдарымен белгілейді; -Жиын элементтері санын анықтайды; -Эйлер-Венн диаграммасында кесіндейді. Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» Тапсырма №1«Ментальды карта»
Дескриптор: Дөңгелектің -ішкі аймағын; -бірігуін; -қиылысуын кескіндей алады. Кері байланыс: жазбаша графикалық ( қанатша, сұрақ белгісі) Тапсырма №2 Топтық жұмыс «Біреуі үйде,екеуі қонақта» 1-топқа тапсырма: оқулықтан №1054. 5.16-cуретте Эйлер-Венн дөңгелектерімен А және В жиындары кескінделген.a) А жиынын; ә)В жиынын; б)А В; в)А В элементтерімен жазыңдар. Дескриптор: -А жиыны элементтерін жаза алады; -В жиыны элементтерін жаза алады; -Жиындардың қиылысуындағы элементтерді жаза алады; -Жиындардың бірігуіндегі элементтерді жаза алады. 2-топқа тапсырма: оқулықтан №1057. «Марс» және «Уран» сөздеріндегі әріптерден: 1)А жиынын және В жиынын құрастырып жазыңдар; 2)А және В жиындарының қиылысуын жазыңдар; 3)А және В жиындарының бірігуін жазыңдар. Дескриптор: -А жиыны элементтерін жаза алады; -В жиыны элементтерін жаза алады; -Жиындардың қиылысуындағы элементтерді жаза алады; -Жиындардың бірігуіндегі элементтерді жаза алады. 3-топқа тапсырма: оқулықтан №1063. 1) Жай сандар жиынының, құрама сандар жиынының және 1 саны жиынының бірігуінен тұратын жиын қалай аталады? Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеңдер. 2) К-жай сандар жиыны, L-құрама сандар жиыны. К және L жиындарының қиылысуы қандай жиын? Дескриптор: -К жиыны элементтерін тауып жаза алады; - L жиыны элементтерін тауып жаза алады; -Жиындардың бірігуін таба алады, кескіндей алады . -Жиындардың қиылысуындағы элементтерді жаза алады,кескіндей алады. Кері байланыс: Бағдаршам Тапсырма №3 жұптық жұмыс: « Cен-маған,мен-саған»
Дескриптор: -екі жиынның қиылысуын таба алады; -екі жиынның бірігуін таба алады; -үш жиынның қиылысуын таба алады; -үш жиынның бірігуін таба алады. Кері байланыс ауызша жүргізіледі. Тапсырма №4 Жеке жұмыс «Кім тапқыр»
Дескриптор Білім алушы: - А В жиын элементтерін атайды; -анықтамаға сәйкес сипаттайды. Кері байланыс: ауызша , сипаттау Тапсырма№5 : «Қатесін тап!» Жиындардың бірігуі мен қиылысуын қолдануға ауызша тапсырмалар беремін Дескриптор: Жиындардың бірігуін қолдана алады; Жиындардың қиылысуын қолдана алады. Кері байланыс: «Басбармақ» |
А4 форматты қағаздар, интерактивті тақта kk/subject/matematika/5-synyp/zhiyndardyng-birigui-men-qiylysuy?mid=f6058605-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Оқулық, Флипчарт,маркерлер Түрлі түсті қағаздар Кеспе қағаздар, сигнал картасы kk/subject/matematika/5-synyp/zhiyndardyng-birigui-men-qiylysuy?mid=f6058602-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe интерактивті тақтa
|
|
Сабақтың соңы (36-40 мин) |
Оқушыларға үйден орындауға №1053,1064 есептерді орындау ұсынылады. Дескриптор: Жиындарды элементтерімен жаза алады; олардың қиылысуын және бірігуін таба алады. Рефлексия:«Білім бәйтерегі» -Оқушылар өздері тақырыпты нені жетік меңгергенін жапырақ, гүл, жеміске жазып «Білім бәйтерегіне» жапсырады: |
гүл,алма, жапырақ пішінді стикерлер |







Пікірлер(0)